Иса оқулары

Жалпы білім беретін мектептердің  оқушылары арасында

I Аудандық  Иса оқуларын өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

І. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер ауданның жалпы білім беретін оқу орындары оқушылардың арасында өткізілетін  Иса оқуларының өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. І Аудандық Иса оқуларының мақсаттары мен міндеттері:

  • мектеп оқушылары арасында Иса Байзаковтың шығармашылығын насихаттау;
  • өскелең ұрпақты әйгілі ақынның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

1.3. Аудандық оқуларына оқу орындарының 5-8 сыныптарының оқушылары қатыса алады.

 

ІІ. Байқау екі кезең, үш бөлімнен тұрады:

2.1. Аудандық Иса оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

   «Еркін күшпен өрлеймін, Өмірім ұзақ - өлмеймін....» - Иса Байзаковтың шығармаларын жатқа айту конкурсы.Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақынның шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары ұпай қойылады)

    « Ән қанатында» - Исаның әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы.

    « Бұл жырды мен жырламай кім жырлайды» - жас дарындар шығармашылық конкурсы ( өз шығармаларын орындау: өлең, ән, күйлер; айтыс өнері және сахналық көріністері)

2.2. Аудандық оқулары жоғарыда көрсетілген ұш бөлім бойынша 2 кезеңде:

1 кезең – мектептік кезең - әр жылдың 1 қазанға дейін;

2 кезең – аудандық кезең - әр ағымдағы жылдың 15 қазанға дейін.

2.3. І Аудандық Иса оқулары ақынның туған елінде, Ертіс ауданының Үлгілі ауылы, И.Байзаков атындағы орта мектебінің негізінде өткізіледі.

ІІІ. Жұмыс органдары

3.1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын  ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

3.2. Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады.

3.3. Байқау материалдарын баспасөзде жариялайды.

 

ІV. Қорытындылау және марапаттау рәсімі

4.1. Аудандық Иса оқуларының қазылар алқасы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерден тұрады.

4.2.Әрбір мектеп аудандық кезенге әр бөлім бойынша 1 оқушыны ұсынады.

4.3. Байқаудың ашылуы, қорытындысы және қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

4.4. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

4.5. Байқаудың әрбір бөлімі бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші, үш үшінші орын және ынталандыру сыйлықтары белгіленеді.

 

 

                       

Error