Естелік

ИСА АҚЫННЫҢ ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫ ЖАЙЫНДА

Табиғатынан зерделі де зерек, жыр дүлдүлі, ғажайып тума, талант иесі Иса Байзақов алып та биік шындардың қатарынан орын алатынын қазақ зиялыларының естеліктерінен оқырман қауым көптен қанық. Бірақ оның туыстарының, бірге тұрып, бірге өскен жерлестерінің аузынан естіген естеліктер өте аз деп айтуға болады. Павлодар қаласындағы № 39 мектептің математика пәнінің оқытушысы, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі Күләш Әбиқызына жолығып тілдескенімде, ол былай деді:

-Алдымен айтарым, туыстық жағынан Иса әкем Әбиге немере іні болып келеді. Екеуі бірге өсіп, біте қайнасқан, балалық шағы бірге өткен, шежірені түгел айтудың қажеті шамалы және оған мүмкіндік те аз, дегенмен  «Жеті атасын білмеген жетесіздік» деген үғымнан аулақпын. Арғы атамыз Оразбайдан төрт ұл туған. Үлкен ұлы Еркебайдан – Қуантай, ал, одан менің әкем - Әби, үшінші баласы Өтегеннен - Байзақ - одан Иса туады. Әкем:-Исаның өмірі қазақ даласының тағдырымен тікелей жалғасып жатқанын аңғарасың, сезінесің және рахаттанасың. Исаның суырып салма ақындық шеберлігі - оның нағыз шабытының қайнар көзі дейтін. Иса тіршіліктің, өмірдің, табиғаттың жұмбақ сырларын өлеңмен шешуге тырысатын. Тіпті, амандық-саулықты сұрасудың өзі өлеңмен басталатын да, өлеңмен аяқталатын. Менімен жылына бір-екі рет хат жазысып тұратын, бірақ өкінішке орай, ол хаттар сақталмаған.

-Хатты ойланып қара сөзбен жазуға уақыт тығыз, соңдықтан өлеңмен жазып отырмын, ал, сен өз білгеніңмем жаза бер, - дейді екен Иса Әби ағасына. Исаның ұлы  Ертіс, қызы Мақфузамен де Әби" ақсақал өмірінің соңына дейін хат жазысып тұрған. Исаның өнер дүниесіндегі мүмкіншілігі' саналуан. Жан-жақты оны теңеу тауып айтып жеткізу мүмкін емес.  Көрмеген кісіге аңыз, ертегі сияқты сегіз қырлы бір сырлы, жанып тұрған жалын, аса бір аскақ талант иесі - Исаның өмірі шығар деп әкем әр уақыт еске алып отырушы еді - дейді Күләш Әбиқызы. -Оның тағы бір ғажайып ерекшелігі-қиссаларды айтқанда таңнан-таңға, күннен-күнге мүдірмей ұзақ уақыт жырлауы. Шаршаудың орнына ширыға түседі, толассыз жауған жаңбыр сияқты шабыты келгенде бір орында отыра алмайды, екпініне, не тура көзіне қарауға ешкімнің де батылы бармаушы еді, - дейтін әкем.

Исаның жан-жақтылығының тағы бір сыры -оның атқұмарлылығы. Шауып келе жатқан аттың үстінде түрегеп тұрып та, шалқасынан жатып та, бауырынан өте де білетін. Ал, жерден теңге алуға келгенде алдына жан салмаған. Денесі шапаты, бірақ шапшандығымен бе, немесе бойындағы табиғи дарыңдылығынан ба, әлде Алла тағаланың ерекше жаратқан адамы ма деп ойлаушы едік. Иса үйленгенде әкем күйеу жолдас болып барыпты. Біздің ағаның сол кездегі әдет-ғүрпы бойынша күйеу алғаш қыз алуға барғанда үстіне ерекше етіп кестеленген қызыл шапан киіп барған. Иса оны кимей, барғасын кием деп, қоржынына салып алыпты. Ол замандағы тағы бір салт - күйеудің шымылдық ішінде отыруы. Бірақ қалындықтың әкесі Ақым молда (ер баласы болмаған) Исаны ерекше жақын көріп, еркелетіп, ешбір ырым-жырымды талап етпей-ақ өзін еркін ұстауға және өлең де айтуына рұқсат еткен. Ақымның екі қызы болған. Үлкені Шәрбән -Исаның жары, Мәрбән қазір тірі, Железинкадатүрады.

Исаның тағы бір ерекше қасиеті – оның саятшылдығы болса керек. Ол өте мерген болған. Отырған құсты "Өлген құс" - деп мәңгі атпаған. Менің оған еретін өнерім болмағандықтан:

-Әби, сен көлдегі отырған құстарды үркіт, мен атайын, - дейді екен (жайлауымыз - Салқын көл). Ұшқан құс бірінен соң бірі топырлап құлап жатады, тіпті, санап та үлгермейсің. Кейде түгелдей жинап алуға мүмкіндік те болмайды. Себебі  құстың қайсы бірі көл ортасында, не қамыс арасында қалады. Сонда Иса:

-Оның бәрін бірдей алмай-ақ қой, ит-құска да азық керек, - дейді. Бірде күз айының бірінде қара көлеңке ымырт болатын. Үйден шыға келсек, тобынан адасқан жалғыз қаз көзге көрінер-көрінбес сымпылдап  ұшып келе жатыр екен. Үйге жүгіріп барып мылтығын оқтады ма, әлде оқтаулы тұрды ма, ол арасын білмеймін, әйтеуір есіктен шыға басып қалып еді, әлгі қаз біздің үйдің төбесіне топ етіп құлады. Осыншама құсты атып әкелгенде оның дархаңдығы және жомарттығы соншалық, түгелге жуық ауылдастарына бөліп беруші еді. Иса жас кезінде өзінен бірер жас үлкен Жомарттың Шайқысы деген ауылдасымен Есмен байдың малын бағады. Исаның шаруаға қыры жоқ адам болса керек. Көлдің жиегінде әртүрлі шөп, қияқ жиып, сыбызғы жасап, ән салып, неше түрлі дыбыс, үн шығарып жүруші еді, - деп еске алатын. Бүдан Исаның композиторлық өнерінің бастау алатынын сол кезде қараңғы қазақ қайдан білсін, - деген ой осы күні еске оралады, - дейді ақсақал. Жаздың қысқа түні мал жусаған уакьгг, шалқамыздан түсіп, жаңа да көз шырымын алуға ұйықтап кеткен екенбіз. Иса шошып оянып, тақпақтап өлең айта жөнелді. Мен ұйқылы - ояу ма өзі деп бетіне қарасам, ол - ояу екен. Маған жаңа бір ақсакал түсімде домбыра беріп кетті деді. Бұл, әрине, Исаның бойына алғаш ақындық қасиеттің даруы ма деп ойладым, -дейтін Шайқы ата. Иса үйретті деп екі-үш ауыз өлеңді домбыраға қосып айтатын. Иса - елдің еркесі, өнер серкесі еді ғой. Ой, ондай адам туа ма, тумай ма, оны енді-енді есімізге алып отырмыз, - деуші еді ол.

Иса Байзақов- биік тұлға, дүлдүл ақын, өнёрдің мәңгі сенбес жарық жұлдызы. Жан дүниесі даналық пен бауырмалдыққа толы, кейінгі ұрпаққа үлгі. Жоғарыда аталған төрт ұлдың бәрінен де ұрпақ бар. Құсайынов Аманкелді- тарих ғылымының докторы, академик, Алматыда тұрады. Әбдірахманов Бәри - ішкі істер қызметкері, полковник, Қуантаев Арғын- ішкі істер қызметкері, подполковник, Әбиева Күләш - ұстаз, Павлодарда тұрады.

Исаның Ертісінен туған екі немересі -Құралай, Қырмызы - ғылым кандидаттары. Бірі - тарихшы, екіншісі - филолог. Ақынның үнін өзі армандағандай адамгершілік пен адалдықты, жауапкершілік пен жанашырлықты ерекше қастерлеген қарапайым ұрпактары өмірдің әр саласында өз үлестерін қосып жалғастыруда. М..Әуезовтің сөзімен айтканда: "Қолдан жасалмайтын, оңайшылықпен қайта тумайтын сирек өнерді біз бүгінгі заманның адамдары мәдениетті елдерше қадірлей, бағалай білуіміз керек", - деп аяқтағым келіп отыр.

Күләш Әбиқызымен сұхбаттасып,

материалды баспаға ұсынушы

Қ.ӨМІРӘЛІҰЛЫ.

зейнеткер ұстаз,

Павлодар қаласы.


Исаның туғанына 110 жыл

 ЖҮЙРІКТІҢ  ШАҢ  ІЛЕСПЕС  ДҮЛДІЛІ

 Көзімізден таса болғанмен, мына шуақты нұрлы, мағыналы өмірімізде саналы көңілімізде ғасырлар жасай беретін, өткен ғасырдың да, осы ғасырдың да дүлдүл ақыны Иса Байзақов атамыздың 110 жылдық торқалы тойына көп уақыт қалған жоқ. Туа біткен талантымен, қазақ елі түгілі бұрынғы кеңестер одағын мекендеген талай ұлтты таңдай қақтырған Иса атамыз туралы өзіміздің жерлес ақын, жазушыларымыз марқұмдар М.Жаманбалинов, А.Шәмкенов, А.Бәделхановтардан бастап, бергісі Ш.Сариев, арқасы ғұлама М.Әуезов аралығындағы қазақтың белгілі өнер қайраткерлері түгел дерлік тебірене қалам тартқан. Сондықтан болар қазақтың дүлдүлі, бұлбұлы атанған Иса ата туралы, тұжырымды ой айта алам ба деп жүрексінгенімді жасыра алмаймын. Дегенмен жоғарыдағы аты аталған ағалардың жазып кеткендерін көзбен оқып, көңілге тоқып, өз әлімше ой толғап көрдім.

Мысалы, М.Әуезов Иса ата туралы былай дейді: «Әр түр қазақ сахнасының бір ерекше қызығы болып дәурен сүреді. Исасы жоқ болған заманда, уақыт та үзіледі. Тағы бір Исаның келуін күтеді. Осы сөздердің түкпіріне ой жүгіртсек, шындығында өнер сахнасы тағы бір Исаны тосып отырған-дай, бірақ Иса жоқ, тіпті оған өнерімен жақындаған адам туған жоқ. Бұл Иса атаның өзі айтқандай:

Сайраған Отанымның бұлбұлымын,

Жүйріктің шаң ілеспес дүлдүлімін.

Белгілі Иса аты кәрі-жасқа

Оларға парық берген үлгілімін

- деп айтқанындай бұлбұл да,дүлдүл де болып жүргендер,қазіргі таңда қазақ өнер сахнасында жоқ.

Өткен ғасырдың бұлбұлы да, дүлдүлі болған Иса атаның, өзінен кейінгі ақын -жыршыларға үлгі болып келе жатқаны, ғасырлар бойы үлгі бола беретіні анық. Ата туралы жазылған біраз шығармаларды қарай отырып, бұндай өлең -жырды сахнамен ұштастыра білетін, кез келген. адамға тақырып бергізіп, сол тақырыпта тоқтамай бір, бір жарым сағат жобасында бүтін бір поэма төгіп тастау екінің бірінің емес, миллиондардың қолынан келмес.

Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетейік. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Дихан Әбілов «Құдіретті дарын» деген әңгімесінде былай деп жазған екен. 1938 жылы Алматыға Италияның атақты жазушысы Джарменетто келіп, жазушылар одағына бас сұғады.Одақтың ол кездегі бастығы М.Әуезов екен. Шетелдік жазушыны немен таңдандыруға болатынын жақсы түсінген М.Әуезов кездесуге Иса Байзақовты шақыртыпты. Біраз әңгімеден соң Мұқан «енді біздің ақын-жыршыларды тыңдап көріңіз деп, ал Иса сен, кәзір бабыңдасың ғой деймін, ендігі сөз сенікі десе керек. Иса бәлуденуді, тартынуды білмей домбыраны қолға алып, құлағын қатты бүрап жіберіп, желдірмені» бастай жөнеледі. «Қарашы домбыраның еркесіне, Исаның шығып кетті желкесіне»... деген сәттерде қиялың ғана ілесе алар құйын серпінмен жаныңды көтере үйіріп, баурап сезіміңді серпіндетіп, толқытып әкетеді. Бұндай ғажапты бүкіл Еуропаны шарлап жүріп көрмеген Джерменетто «Виртуоз», «Виртуоз» неткен ғажап, дей берсе керек. Шаттық-тан жаны жарқыраған Италиян-дық тағы, тағы дей берген соң, Иса әнін тоқтатып, «Мұқа, мен әнші емеспін, суырыпсалма ақынмын, маған заказ берсін» дейді орысшылап. Джерменетто таңдана ойланып, «Олай болса Марина Раскова-туралы айтсын, ақын жолдас» деді. Иса ата «ал мен кеттім, тыңдаңыз еңдеше», деді орысша -қазақша аралас, содан добыраның ішектерін қағып жіберіп, «Ах» деп бастай жөнеледі. Сейтіп отыз-қырық минут ішінде орыс батыр ұшқыш қызы Марина Раскова туралы, «Он бір күн он бір түн» дастаны туған екен..

Сонда Итальяндық жазушы «Сізді туғызған, мынандай ақынды туғызған халқыңызға рахмет» деген екен

Мінеки, осындай үлкен дарын иесі болған адам осы мыңжылдықта тумайтын да шығар. Хакім Абай өлеңнің бір жолын Иса атаға бұра айтсақ: «Туса туар, артылмас» деп ойлаймын.

Естеліктерде жазылғандай, қыза - қыза келе домбыраны желкесіне шығарып немесе аяғымен ойнап кетуі қайталанбас құбылыс, ол тек Иса атаға ғана тән, қазіргі уақытта осыны біреу қайталағысы келсе, сайқымазақтың (клоун) бос әурешілігі болар еді.

Иса атаның өнер жолы сонау балғын бала шағынан басталған десек, осы ойымызда қателік болмайды ғой деп ойлаймын. Өйткені ол-Ғалия Балтабайқызының өзінің «Иса ақын және оның ұрпақтары» деген кітабына мынандай ''жолдарымен көрсетілген. Он бір жасында ауылдағы қыз - бозбалалармен айтысып, ақындық өнерінің бар екендігін көрсетіп жүрген шағында үлкен апасы Зылиха, бала Исаны былай деп өлеңмен қағытады.

Зылиха: Басында жалма - жұлма ескі бөрік

Ағаш атн астыңдағы жансыз көлік

Он  байың  құс  түгкендей т үрің  мынау,

Қақсаған тумай жатып шешең өліп - десе, Иса ойналан-бастан:

 Кекілін кербестінің түймедім бе,

Тал шыбық бұрайын деп имедім бе.

Несіне бөркімді айтып мазақтайсың,

Бөркіңді тігіп берген кимедім бе, деп жауап қайтарған екен. Өнерлі әке - шешенің асыл қасиеттерін бойына сіңіре  білген, шешеден 9  жасында қалып жетімшіліктің тауқыметін бала таңдайымен татып өскен, Ертістің ерке толқынына тербеліп, көденің басын сипай соққан ерке самалын, жусанның кермек дәмін жұтып, туған жерінің сұлу табиғатын жүрегіне сыйдыра да, сүйдіре де білген атамыздың ақын болмауы мүмкін емес еді, ал суырып салатын өнері, ата -анасы өнерінің кемелден  шығып, кемеңгерлікке дейін  жетілген шырқау биігі болар...

С.МӘНЕНҰЛЫ

 

Error