ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

Иса Байзақов қазақ сөз өнеріне өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларымыздың бірі. Әдебиетіміздің тарихын зерттеуші, сыншы ғалымдарымыздың көпшлігі, оны Кеңес кезеңінің көрнекті өкілі деп таныды. Талантты ақынды ауыз әдебиеті дәстүрін ілгері апарушы, жыршы ретінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Хасенов сияқты сыншы ғалымдар естеліктер айтып, мақалалар жазды. Сондықтан да Ертіс орталық аудандық кітапханасы жерлесіміз суырып салма ақын, композитор, әнші, актер – Иса Байзақовтың 120 жасқа толуына байланысты өмірі мен қызметі және шығармалары жайындағы материалдардан құрастырылған, әдістемелік құралды ұсынып отыр.

Ақын жайлы әдістемелік құралда: Иса Байзақовтың өмір жолы, шығармалары, естеліктер , ақынға арнаулар, фотомұрағаттар және библиографиясы  ұсынылған.  Бұл құрал кітапханшыларға, студенттерге, ұстаздарға және көпшілік оқырмандарға арналған.

Error