Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Кітапхана туралы » Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы

 

        Ертіс аудандық кітапханасы 1948 жылы құрылған. Алғашқы кітапхананы ұйымдастырушы мен меңгерушісі Аграппина Ронжина мен Евдокия Кузенкова деген адамдар болған. Сол жылдары кітапхана ғимараты Ленин қөшесі (бүгінгі Астана) көшесінде ағаш үйде орналасқан. 1951 жылы мәдениет-ағарту жұмысын В.В. Тыщенко басқарған.

        Кітапханашы болып жұмыс істеген Кима Васильевна Шинкаренконың естелігінен:

1958 жылы кітапхананың жаңа ғимаратын салу жұмыстары басталған. 1960 жылдары кітапхана оқырманы болып кітапқа деғен құмарлығы артып, кітапхашы мамандығын ұнатып кітапханашы болған Любовь Степановна Григоренконың естелігінен: жаңадан салынған кітапхана К-Полка көшесі мен Титова (казіргі Астана) көшелерінің қиылысында орналасқан. Терезелері үлкен, бөлмелері әдемі де, жарық, керемет тыныштық сақталатын оқу залында оқырмандар сыбырласып сөйлесетін дейді Любовь Степановна. Бұл ұжымда сол кездері Валя Иванина (Дудина), Гүлжан Капашева, Любовь Черепаха, Аля Маненцова қызмет істеген. Біз бәріміз бір жасты құрдастар едік. Біздер әруақытта бірдеңеңі ойлап табуға, кітапхана жұмысында қызықты сценариилер, жаңа кітап көрмесін ұйымдастыруға кұмар едік. Сол кездері кітапханаға дәрігерлер, мұғалімдер, жастар көптеп келетін. Біздерді пайдакүнемшілдік қызықтырмайтын, рухани байлық қызықтыратын. Кітапханада     «өлең     сүйгіштер»     үйірмесі     жұмыс     істеді     (қазір қызықтырушылық   клубтар деп   аталады). Үйірме мүшелері   мәнерлеп өлең оқығанда оқырмандар   үйып тыңдайтын әртүрлі   поэзия кештері, әңгімелер, диспуттар өткізілетін. 1978 жылы кітапхана ісінде елеулі өзгерістер, яғни кітапхана жүйесін орталықтандыру жұмысы жүрді. Орталық аудандық кітапхана болып, оған 52 мемлекеттік көпшілік кітапханалар кірді. Аудандық кітапхананың қызметі өзгерді. Кітап қорын толықтыру орталықтандырылды, толықтыру бөлімі ашылды. Ауданның экономикалық қырын еске ала отырып, баспаның жоспары бойынша кітапханаларға керек көркем әдебиет және салалық әдебиеттерді тапсырып отырылды. Сонымен бірге оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, біріңғай кітап қорын қолдануды ұйымдастыру бөлімі және кітапханааралық абонемент (МБА) әдістеме бөлімдері құрылды. Аудандық кітапхана орталық аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі деп аталды. 1978 ж. аудандық кітапхананың кітап қоры - 40711 дана, ал бір жылда 6,0 мың дана жаңа кітаптар түскен. Аудандық кітапханада ауыл шаруашылығы кітаптарының бөлімі ұйымдастырылып, ауданның ауыл шаруашылығы басқармасымен тығыз байланыста болып, олардың мамандарына жаңадан түскен кітаптарға шолу жасап, ақпарат берілді. Аудандық кітапханадан басқа Ертісте 3 қалалық көпшілік кітапхана (№ 1 кітапхана № 20-шы дүкенге қарама - қарсы, № 2 кітапхана Жөндеу-механикалық зауытында, № 3 кітапхана КСМК сахалинде орналасқан) және № 16 Автобазаның кітапханасы, 4 мектеп кітапханалары, № 39-ОКТУ кітапханасы, парткітапхана болды. Барлығы 12 кітапхана жалпы 169 263 дана кітап қорымен, олар 10632 оқырманға қызмет көрсеткен. Кітап беру саны 195281 дана. Барлық кәсіпорындар мен мекемелерде 15 жылжымалы кітапханалар, кітап беру орындары ұйымдастырылды.

 80-ші жылдары мәдениет саласында айтулы табыстар болды. 1979 жылы ауданымызда астық көп шығып , бүкіл ел болып астық жинауға көмек көрсетілді. Кітапханашылар агитбригадалармен бірлесе отырып, егін даласына барып, эртүрлі шаралар өткізді. Алдыңғы қатарлы механизаторларға құрмет көрсетіп «Молния» газеттеріне шығарды. Аудандық радиодан бейсенбі күндері «кітаптарға шолу» атты айдармен кітапханашылар ертістіктерді жаңа кітаптармен таныстырып, шолулар, әңгімелер өткізді. Әр жылдары болған кітапхана директорлары: Раиса Александровна Бондаренко 1978-1986 жылдары, Галина Дмитриевна Майор 1986-1992 жж., Зейне Түяққызы Қабышева 1992-1995 жж., Тамара Владимировна Дымова 1995 жылдан қазіргі кезеңге дейін істейді. 1991-2000 жылдар аралығында кітапхана жұмысын тиімділігін арттыру оңтайландыру жүмыстары жүрді, мемлекеттік жүйеде экономикалық қайта құру басталды. Осы жылдары қалалық кітапханалар жабылып, кітап қорлары мектеп кітапханаларына берілді, аудан бойынша 52 кітапханадан 8 ғана кітапхана қалды.   2003 жылы кітапхана жұмысында облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы жұмыс істеді. Осы бағдарлама арқасында ауданның кітапхана саласы жаңғырды. Кітапхана жүйесі қалпына келтіріліп 23-ге жетті.   .

2002 жылы Ертісте Ұлттық кітаптар кітапханасы ашылды. Ол кітапхана ұлттық мәдени ұжымдардың орталығына айналды. 12 кітапхана компьютерлендірілген, интернет жүйесі бойынша, электрондық каталог арқылы ақпарат іздеу мүмкіндігі берілген. Пайдаланушылар назарына «Тіл қазына» ресурстық орталығы ұйымдастырылған. Бұл орталық мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйренуге ықпалын тигізеді. Барлық кітапханаларда РАБИС бағдарламасы енгізілген. 2008 жылы балалар және ұлттық кітаптар кітапханасы ауылдың орталығындағы жаңа ғимаратқа көшірілді.

Ертіс ауылының барлық кітапханалары жаңа заманға сай жиһаздармен жабдықталуда. Кітапханалармен көпшілік ақпарат құралдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнатылған. «Ертіс нүры», «Иртыш» т.б. газет беттерінде ақпараттық және ақпараттық шолулар, кітапханада өткізілген шаралар туралы жазылып, жарнамалық ақпараттар басылады. Ең негізгі мақтанышымыз, ол, кәсіпщі кітапханашы Аудандық кітапханада 30-40 жылдан аса қызмет істейтіндер: Аманжолова Л.Б., Сланбекова Ж.К., Куляпина Л.С., Щетинина Л.Б., Градиль Н.В., Дымова Т.В., Швецова В.С. Барлығының еңбек кітапшасында бір ғана жазу «аудандық кітапханаға алынды» деген. Кітапханашылар ауылдың мәдени өмірінің дамуына өз үлестерін қосып, үнемі маңызды шараларға қатысып, бастаушы болады.

2008 жылдың қарашасында «Ертіс ОКЖ»ресми сайты құрылды. құжаттарды электронды түрде жеткізу мүмкіндігі бар. Бүгінде Ертіс ОКЖ-сі   8 модельді ауылдық  кітапхананы құрайды. Кітапханалар компьютерлендірілген , АКЖ-де 28 компьютер бар. РАБИС бағдарламасы орнатылып,  электронды дерек қоры құрылған. Қолданушыларға қызмет қөрсету мақсатында мемлекеттік және басқа да тілдерді үйренуге арналған «Тіл қазына» ресурстық орталығы жұмыс істейді.

              Кітапханашылар  ылғи да  маңызды шаралардың бастамашылары және қатысушылары болып, ауылдық мәдени өміріне лайықты салымын енгізуде. Сонымен қатар  дәстүрге  айналған «Георгиев лентасы», «Менің есімде! Мен мақтанамын!» акцияларын өткізуге басшылық етуде.