Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Өлкетану » Ақын-жазушылар » Жаманбалинов Мубәрак Кәрімұлы

Жаманбалинов Мубәрак Кәрімұлы

(1924 – 2010)

                Ақынның балалық та, жастық та шағы қазақ елінің басына не бір нәубет төнген жылдарға тұспа-тұс келген. 1924 жылы 7 қарашада Павлодар облысы, Железинка ауданының Тәттімбет ауылында дүниеге келген, балалық және жастық шағы аштықтың зардабынан босып көшкен ата-анасымен бірге 1931 жылы Новосібір облысына көшіп кетеді. «1934-1937 жылдар аралығында Қазақстанға көшіп келіп, қайтадан Сібірге қоныс аударды. Қазақ мектебінде екі-ақ жыл оқиды. Әкем - Кәрім икемді жан еді. «Маған тақпақтарды көп жаттататын, өлең жазудың құпиясын да үйреткен. Көбінесе арнайы тақырып беріп, өлең жаздырып, тыңдауды ұнататын», - деп жазады ақын Мүбәрак Жаманбалинов. Ауданда 8 класты бітіріп, 1939 - 1941 жылдары орта ауылшаруашылық Ординск мектебінде оқиды. Машина трактор стансасында учаскелік агроном болып жұмыс істейді.

Елуінші жылдары Новосібір облысы, Чаны ауданының Забылғы ауылында бастауыш мектепте мұғалім болып қызмет істеген. Мүбәрак Кәрімұлы өлеңдерін жүрек қалауымен табиғи қалпында жазған екен. Бір сыныпта жетіден он бір жасқа дейінгі аралықтағы балаларды топтап оқытқан ұстаз кітаптың жетіспеушілігінен әр жастағы балаларды өзінше сөйлеуге талпынтып, әрбір топқа жекелей жырлап топтамасын жазған. Бала кезінен әкесінің талабымен өлең-ертегілерді жаттап өскендіктен өзі де өлең құрастыруға қара жаяу емес жас мұғалім еңбек жолын шабытпен бастапты. 1958 - 1990 жылдары ақын Павлодар облыстық «Қызыл Ту» газетінің Ертіс, Краснокутск, Железинка ауданындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Газеттің беттерінде облыстың өркендеуі, ана тіліміздің өзекті мәселелері, тіл туралы ой-түйіндер, мектеп проблемаларын, халықты толғандыратын мәселелерді көтеріп, шешімін таппай жатқан проблемаларды жазады. 1950 - 1980 жылдар аралығындағы қазақ балалар поэзиясы әңгіме болған сәтте Мүбәрак Жаманбалинов есімі айрықша құрметпен аталуға тиісті.

              Ақынның таңдамалы өлеңдерінің бір томдығы алғаш рет 1974 жылы «Балғын гүлдей балақан» деген атпен балаларға арналған өлеңдерінің таңдамалары жарыққа шықты. Бұл кітапта тұңғыш өлеңдер жинақтары енгізілген. Мысалы: «Айна бұлақ» (1956 ж), «Сәлем» (1962 ж), «Ертіс лебі» (1963 ж), «Кішкене достарға» (1965 ж), «Менің інім» (1970 ж), «Батыр ұстаз» (1972 ж). Жазушы М. Жаманбалиновтың өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған. Ақынның өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латыш тілдеріне аударылған. Мүбәрак Жаманбалиновтың «Жауқазын» атты таңдамалы жинағына өлеңдер, поэмалар, ертегі-аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылпаштар енгізілді. «Батыр ұстаз» поэмасы Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткеновке арналған. Поэмада Серікбай мұғалімнің Отан соғысы кезіндегі жан қиярлық ерлігі, елге деген сүйіспеншілігі шабытпен жырланады. Бала жанын тербетіп, батырлық пен бауырлыққа шақырады. Бұл поэма әкелер қаһармандығын ардақтай жалғастыруға шақырар шығарма. Қарапайым, сабырлы, ақкөңіл, жеке басының кісілігімен, жүрек жылуымен төңірегін нұрға бөлеген ардақты азамат - ақын Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалиновтің еңбегі лайықты бағаланған. 1958 жылы КСРО Журналистер одағының, 1970 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. 1987 жылы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері құрметті атағына ие болды.