Дс Сс Ср Бс Жм |
09.00 - 18.30 |
Сн | 9.00 - 17.00 |
Жк | Демалыс |
Айдың соңғы күні – тазалық күні |
Жұматов Ғалымбек Сағынбайұлы
Ғалымбек Жұматов 1952 жылы 15 қазанда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, «Үлгілі» ұжымшарында туған. 1979 жылы Қаз МУ-дің журналистика факультетін бітірді. Павлодар облыстық «Қызыл Ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде қызмет еткен. 1991 – 1995 жж республикалық «Халық кеңесі» газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі болды. Қазір қалалық «Шаһар» газетінің редакторы.
Алғашқы әңгімелері 1980 жылы «Арман қанатында» жинағында жарық көрген. 1984 жылы «Трактор қалай жасалады?» деген кітапшасы шықты. 1986 жылы «Ала көжек» повесі «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде үшінші сыйлыққа ие болды. «Жалғас – жаунгердің баласы», «Кең аулалы үйденбіз» повестері 1992 жылы жинақ болып шыққан.
2003 жылы «Қазақстан – қара шаңырағым» атты республикалық мүшәйраның бірінші жүлдесін жеңіп алған. Балаларға арналған «Біз – 42 әріппіз» (2003) және «Жеңіс жалауын желбіреткен» (2005) жыр жинақтары жарық көрген. 2006 жылы «Ана өсиеті» эссе кітабы, «Сағыныш сазы» атты жыр жинағы, 2007 жылы «Кемелді елдің - Кемері» атты деректі повесі, 2008 жылы «Мәшһур тағлымы» публицистикалық кітабы, «Сары белең» повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. 2001 – жылы ол Қазақстан жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды.