Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Өлкетану » Біздің мақтаныштарымыз » Социалистік Еңбек ерлері

Социалистік Еңбек ерлері

Баранов Анатолий Иванович (27.04.1937, Рассказово қ. Тамбов обл.),1981 жылы Социалистік Еңбек Ері . 1958 жылы Тамбов механизация училищесін бітірді. 1958 жылдан бастап  «Суворовский» совхозының механизаторы, 1986-97 ж.ж. жүргізуші және ПО ПТЗ цехының шебері қызметін атқарған. Екі Ленин Орденімен және «Орақ-балға» алтын медалімен марапатталған..

Әдебиет:

Павлодардың Ертіс өңірі. Энциклопедия. – Алматы: «Эверо», 2003. –  662 бет.

Ертістің Павлодар өңірі.Энциклопедия/Бас.ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы:«Қазақ энциклопедиясы», 2013. – 776 бет

Этапы большого пути:[ История Иртышского района]//Иртыш. – 1998. - №25. –1-2 бет.

Волков Тимофей Васильевич – Социалистік Еңбек Ері, Ленин Орденімен , Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет Белгісі» және т.б бірнеше медальдармен марапатталған.  Қазақстанның XXIY КОКП Сьезі мен XY КП Сьезінің делегаты болды. Тыңға комсомолдық жолдама арқылы келді. Ленин совхозының Қызыл Ту Еңбек Ордені егіншілер бригадасын басқарды. 30 жылға жуық жемісті еңбек етті. Оның бригадасында ескірген дәстүрлер мен көзқарастарға қарсы батыл ойлар мен бастамалар іске асырылып жатты. Олардың артынан басқа да ұжымдар ерді. Мысалы: әр негізгі бригада механизаторына 1000 тоннадан  кем емес астық өндіру бастамасын Ертіс ауданынан басқа да жерлерде қолданды. Т.В.Волковтың бригадасында еңбек жолын бастап, атаққа ие болғандар олар: В.В.Леонов – Социалистік Еңбек Ері, Екі Қызыл Ту Еңбек Орденімен - П.Кузнецов,  Ленин Орденімен марапатталған- Л.Куртиков.Волков басқарған бригада  1964 жылы БЛЖКК ОК қаулысымен  «жеті жылдық комсомол еңбек қызметі летописіне» енгізілген. Егіншілікте жеткен жетістіктері үшін ұжым ауыл шаруашылығы және өнімдер Министрлігінің Қызыл Туымен,  марапатталған. Бүкіл кеңестік социалистік Диқандар жарысында ХШЖК Құрмет дипломымен марапатталды. 

Жылқыбаев Аманбек (1921-1991) Краснокутск ауданының «Коминтерн» совхозында туған. Оның бүкіл саналы өмірі 1940 жылдан бастап, Ертіс ауданы Кутузов совхозында қой бағумен, шопандар бригадасын басқарумен өтті. Кутузов  орта мектебі жанында А.Жылқыбаевтың басшылығымен ұйымдастырылған оқушылардың қой өсірумен шұғылданатын өндірістік бригадасы 1983 жылы өзі сияқты бригадалар арасындағы Социалистік жарыста облыс бойынша бірінші орынға ие болды.

А.Жылқыбаев Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. Ауыл шаруашылық жетістіктерінің көрмесіне қатысты. Соцалистік Еңбек Ері атағы 1971 жылдың 8 сәуірінде берілді.

Коновалов Тимофей Степанович (1914,  Б.Бобылевка с., қазіргі Глуховск қ. Сумск обл., Украина), тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері (1957), ҰОС –на қатысқан.  Соғысқа дейін колхозда жұмыс істеген, 1948г. – 53жж. Украинаның бір совхозында директор, 1954ж. – Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ленин совхозының директоры, 1962ж. – Украинаға қоныс аударған. Ленин Орденімен және «Орақ-балға» алтын медалімен марапатталған.

Кравец Павел Леонтьевич (16.02.1913, Беловодское совхозы, қазіргі Ертіс ауданы Павлодар обл.) туған. 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері, ҰОС қатысқан. 1929 ж. «Северный» совхозында жұмысшы, 1932-37жж. Фермада есепші, «Кайманачихинский» совхозының жұмысшылар комитетінің төрағасы, 1937-40жж.  Павлодар обком-ң сүт-ет өнімдері жұмысшылар кеңесінің төрағасының орынбасары, 1940-43жж. Кайманачиха совхозы №3 фермасының басшысы, 1945-54жж.ферма басшысы, 1954-58жж. Совхоз директорының орынбасары қызметін атқарды. Ленин орденимен, медалдармен марапатталды.

Леонов Владимир Васильевич. Ертіс ауданы Ленин атындағы совхоздағы еңбегі үшін (13.12.72)  Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Озат механизатор Баянауыл аудандық, партия комитетінің хатшысы қызметіне жоғарылады.

Перов Иван Петрович (15.08.1898, қазіргі Липецк обл., РФ - 1967) туған, шаруа басшысы, 1957 Социалистік Еңбек Ері, азамат соғысына қатысқан.  1954-58жж. Павлодар облысының тың игерушісі ретінде Ертіс ауданының Ертіс совхозын басқарды. 4 жылдың ішінде совхоз 29 га-дан астам жаңа жерлер игеріп, мемлекетке 2 млн-нан пудтан астам бидай тапсырды. Ленин орденімен «Орақ-балға» алтын медалімен марапатталды.

Раденко Петр Никифорович (1910). Еңбек жолын Ертіс ауданында бастады. 1941-1943 жылдары Отан соғысына қатысып жараланды. 1946 жылы Кутузов совхозынын, 1947 жылы Северный совхозының бас инженері кызметін атқарды. 1951 жылы Панфилов совхозының директоры қызметіне тағайындалды. Раденко басқарған 1951-1965 жылдар аралығында Панфилов совхозы халык шаруашылығы жетістігі көрмесіне екі рет катыстырылып, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 1957 жылы колы жеткен табыстары үшін П.Раденкоға «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып та сайланды.

Титирко Василий Васильевич (14.04.1914,  Криничное совхозы, қазіргі Ростов облысы РФ - 09.12.1995, Павлодар облысы, Ертіс ауданы), 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері, механизатор, ҰОС қатысқан. Еңбек жолын 20-шы жылдардың соңында Павлодар облысында бастады, 1932 – 41ж. Ертіс ауданы, Суворов совхозында комбайншы, жүргізуші, тракторист болып жұмыс істеді.  Соғыстан кейін Суворов совхозында комбайншы, 1961 жылдан бастап совхоз гаражының механигі, 1956 жылы астық жинауда ерекше көзге түсті. 1440 га-дан рекордтық астық жиналды. Ол бірнеше рет ауыл кеңесінің депутаты болып сайланды. 1974 ж. бастап жұмыстан босатылып демалыста болды. Ленин орденімен, «Орақ-балға» алтын медалімен және т.б. медальдармен марапатталды.

Шажанханов Мұқан (1897,қазіргі Ақтоғай ауданы,1970), Жылқышы, Социалистік Еңбек Ері, (1949).  1928ж.  «Бестуз» тұз өнеркәсібінде жұмысшы қызметін атқарды..  1933-57жж. Ертіс ауданы Кайманачиха совхозында аға жылқышы болып жұмыс істеді. ҰОС жылдары Қызыл Әскер Кавалериясына өзі өсірген жылқыларды тапсырды. Ленин Орденімен және  «Орақ-балға» алтын медалімен марапатталған..