Дс Сс Ср Бс Жм |
09.00 - 18.30 |
Сн | 9.00 - 17.00 |
Жк | Демалыс |
Айдың соңғы күні – тазалық күні |
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай аудандық кітапханада "Мәңгілік тағзым"атты кездесу кеші өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары М. А. Мусин, Ертіс ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Г. А. Сарсенбенова, аудандық ауған-жауынгерлері клубының жетекшісі Н. Д. Сырбул, ауған-жауынгерлері, аграрлық-техникалық колледж студенттері, Ертіс ауылы мектептерінің жоғары сынып оқушылары шақырылды. Жауынгер-интернационалистерге аудан әкімінің орынбасары М. А. Мусин құттықтау сөз сөйледі, Ауған-жауынгерлерінен "Шурави" ауған-жауынгерлері клубының жетекшісі Н. Д. Сырбул сөз сөйледі. Іс – шараға аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері "Ауғанстан-біздің есімізде" атты кітап көрмесін ұйымдастырды .