Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Бүкіл отбасымызбен кітап оқимыз» мерекесі.

Қазақстанда үш жылдан бері «қазақстандық отбасы Күні» мерекесі тойланып келеді. Отбасы-бұл біз жақсы көретін, аялайтын, бақыт пен жақсылық тілейтін, жақын жандарымыз. Отбасы ортасында біз сүйіспеншілікке, жауапкершілікке, қамқорлық пен сыйластыққа үйренеміз. Аудандық кітапхананың оқу залында қазақстандық отбасы Күніне арналған «Бүкіл отбасымызбен кітап оқимыз» мерекесі өткізілді. Шараға Набиевтер, Олейниктер, Ибраимовтар, Хрыкиндер отбасылары қатысты. Шара ойын түрінде болып, «Отбасы портреті», «Менің арманымдағы үй», «Аспаздық» сайыстары өткізілді. Әр отбасы музыкалық номер дайындады. Командалар конкурстар мен викториналарға белсенді қатысты. Барлық қатысушылар Ертіс аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,  денешынықтыру және спорт бөлімі ұсынған  бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға «Тәрбие бастауы - отбасында» кітап көрмесі рәсімделді.