Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Ертіс өңірі онжылдықтар және ғасыр арасында»

 Ертіс аудандық орталық  кітапханада  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ертіс ауданының 90 жылдығына арналған «Ертіс өңірі онжылдықтар және ғасыр арасында» атты ұрпақтар сабақтастығы кездесу шарасы өтті. Бұл шарамызға  Ертіс ауданының Құрметті азаматы, «Атамұра» клубының директоры Б.Нұрғазинов, зейнеткер, Еңбек ардагері, ауданымыздың Құрметті азаматы А.Қосшығұлов, еңбек ардагерлері Н.Гора мен Л.Григоренко , аудандық «Атамұра» клубының ардагерлері және №1, 2 мектептің оқушылары қатысты. Шара барысында шақырылған қоңақтар өз ой – пікірлерімен бөлісті.  Өнер мектебінің оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, күй күмбірлеп, бишілер мың бұралды. Ардагерлер тарих беттеріне жазылған жастық шақтарына қайта оралып, бір жасап, осындай тағылымды кеш ұйымдастырған мекеме ұжымына зор ризашылық тілектерін жаудырды.