Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » Еңбек күніне арналған «Еңбегіне қарай сый құрмет» достармен кездесу өткізілді

Кітапханалық істің ардагерлері үшін Еңбек күніне арналған «Еңбегіне қарай сый құрмет» достармен кездесу өткізілді , оның мақсаттылығы сабақтастық үндестігін дамыту , кітапханалар тарихын зерделеуде болды. Оқырмандар залында ән- күйдің сүйемемдеуінде кітапханашылар жиналды, олар бірталай уақыт аралығында зейнеткерлікте болса да, араларында әні -де болса еңбектеніп жүргендер де бір- бірін көріп, қауышып қалды. Көңілді кездесулер , жайдары күлкілері , мерекенің ажарын аша түсті. Кездесу барысында ОКЖ орнығу тарихын еске алды, сол кезде еңбек еткен әріптестерінің елеулі еңбектерінің арқасында кітапханалық жүйе өзінің тарихи орнын таба білді. Баршаларына деген ыстық сезімін ұжым атынан ОКЖ директоры Т.В. Дымова білдірді. Шараны өткізушілер қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары С.И.Женченко мен Л.И. Бабинцева меймандар мен ардагерлерге осындай дәстүрлі үрдістің бастамасын жоғарғы буындағылар  бастап, біздер оларды одан әрі жалғастырып жүргендер санатында екендігін еске сала отырып, осы мәселе қарқын алатынын алға қойды. Ардагерлер кеңесі ұйымының төрайымы Любовь Біләлқызы Аманжолова барлығын мерекемен құттықтап , біздің ардагерлер өздерінің өміршеңдігін көрсетіп жүр,- деді. Олар аудан аумағындағы барлық мәдени шараларға белсене араласып, біздерді көңілге бөлеп, немерлерін өсіріп, гүл өсірумен де айналасып жүргендігін де жасырған емес. Осындай ізденісте жүрген ардагерлеріміз болашаққа нық сенімді қадам жасауда деп, өз сөзін тәмамдады. Сонымен қатар ардагерлер барлығына зор денсаулық , бейбіт өмір тілей келе, ертеңгі күннің ашық боларына сеніммен қарауда.Осындай көңілді кездесу барысында уақыттың тез өтіп кеткенін де аңғармаған қатысушылар кітапхана ұжымына алғыстарын білдере келе алдағы кезеңде осыған іспеттес шараларды жалғастыруды жөн санады. Шараға арнайы күйде « Өз ісіне махаббатпен» атты кітап көрмесі әзірленіп, оған кітапхана ісінің ардагерлері жайлы материалдар легі ресімделді.