Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Главная » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Кітапхана өмірінің көрінісі: Ертіс ОКЖ кітапханалары Күні мәліметтері бойынша» семинары өткізілді.

Ертіс аудандық кітапханада 4 қыркүйекте «Кітапхана өмірінің көрінісі: Ертіс ОКЖ кітапханалары Күні мәліметтері бойынша» семинары өткізілді. Семинардың алдында Ертіс ОКЖ жұмысы жайлы«ФЬЮЖН-кітапханалық идеялар зертханасы» кітап көрмесіне, «Ұлы Отан Соғысы Жылнамасы плакат бетінде» көрме-плакатына, табиғи материалдар қолданылған «Қоқыс сұлулығы» хенд-мейд-экспозициясына экскурсия жасалды. Ертіс ОКЖ директоры Т.В.Дымова семинарды «Заманауи ауылдық кітапхана: өмір формуласы» тақырыбымен  ашты. Әдістеме бөлімінің меңгерушісі А.Б.Байтемірова Байзақов ауылдық үлгілік кітапханасының меңгерушісі Е.В.Кротованың дайындаған «Из истории одного квеста» тақырыбы жайлы айтып берді. Автоматизациялау бөлімінің меңгерушісі З.Қ.Бекниязова Иса Байзақовтың 115 жылдығына арналған «Иса Байзақов-ақын, жазушы, импровизатор» веб-ресурсын көрсетті. Абай ауылдық үлгілік кітапханасының меңгерушісі Т.З.Сенаторова «Әдеби қазу жұмыстары» тақырыбында сөз сөйлеп өз жұмысы жайлы айтып берді. Н.Т.Ахиярова Балалар кітапханасының жұмысы жайлы айтып берді. Сонымен қатар, Кітапханалар күнінің қызықты тұстары бейнематериалдары көрсетілді. Әдіскер А.Ж.Баязова ҰОС-ң 70 жылдығына арналған «Отқа шарпылғандар» конкурсының нәтижесін жариялады. Шара соңында семинардың қорытынысы өткізілді.