Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Кітапхана әлемі» кітапхана түні - 2017

Облыстық кітапханада «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында, Халықаралық Дж Неру атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Аманжол Шамкеновтың 90-жылдығына орай «Кітапхана әлемі» атты Кітапхана түні – 2017 акциясы өтті. Жерлес акын А. Шамкеновке арналған «Өмірім менің - өлеңім» атты кітап көрмесі және  Ертіс аудандық ортылық кітапхана ұйымдастырған   «Өмір өзен»атты кітап инсталляциясы қойылды.

Қонақтар үшін  «Жазушы және оқырман»залында «Туған жер тарланы» атты портреттік. кешті Ертіс аудандық орталық  кітапханасының әдіскерлері өткізді.  Кешті аудандық кітапхана дайындаған  «Халқымның жүрегінде ақын жыры» атты бейне фильм ашты. Алғашқы сөз кезегін Павлодар облысы әкімінің орынбасары М. М. Бегімтаев ашып,  Павлодар облысының Жазушылар Одағының төрағасы Арман Қани, «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі Шолпан Байғалы,ПМУ профессорі, филология ғылымдарының докторы А.Қ.Тұрышев жалғастырды.

Қонақтар алдында Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің әдіскері  Е.Шәріпханов пен Ертіс мәдениет үйінің қызметкерлері С.Шәмей мен А.Сатқанов өнер көрсетті. Шараға А.Шамкеновтың отбасы қатысты.