Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

Қызылағаш ауылдық кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына  орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Кітапханашы А.М. Батыргужинова Мұқағали мұрасына тоқтала отырып, кештің өткізілу мақсаты туралы айтып берді. Ақиық ақынның сан қырлы мұралары жайында мәлімет берілді. Өмірінен дерек айтылатын «Менің анкетам» өлеңін, екі оқушы, журналист пен ақын рөліне кіріп, мәнерлеп жатқа оқыды. Мектеп оқушылары ақынға деген құрмет сезімдерін, ақын өлеңдерін жатқа оқып айтуларымен көрсете білді. Мұқағали жайында айтылған даналық ойларға тоқталды. Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған әндер туралы да мәлімет берілді. Мысалы: Фариза Оңғарсыноваға арналған «Фариза» өлеңін мектеп оқушысы орындады. Кештің алдына қойған мақсаты орындалды. Ақын өмірінің сан қырлары туралы айтылды. Кеш жан жақты, қызықты әсерлі өтті.