Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Главная » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Шексіз кітапхана» атты семинар өткізілді.

24 маусымда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ертіс ОКЖ кітапханалары күніне арналған «Шексіз кітапхана» атты семинар өткізілді. Шараға Павлодар облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттау Басқармасы басшысының орынбасары Х.Х.Акимханов, Ертіс аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Т.Дюсембина, 70-тен астам облыстық, орталық аудандық, қалалық және ауылдық кітапханалар қызметкерлері қатысты.Шара бағдарламасында: кітапханалық флеш-моб, Ертіс аудандық ОКЖ-ң жұмысы туралы  «ФЬЮЖН-кітапханалық идеялар лабараториясы» көрмесі, «Ұлы Отан Соғысы жылнамасы плакат бетінде» көрме-плакаты, «Қоқыс сұлулығы» табиғи материалдары қолданылған хенд-мейд-экспозициясы ұсынылды. Автоматизация бөлімінің қызметкерлері Иса Байзақовтың 115 жылдығына арналған «Иса Байзақов- ақын, жазушы, импровизатор» веб-ресурсын ұсынды. Веб-ресурс екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды. Павлодар облыстықсауда және туризм, туризмді дамыту кәсіпкерлер басқармасы бөлімінің басшысы С.С.Нұрмағамбетова Ертіс ОКЖ-ң «Табиғатпен бірлікте өмір сүру» жобасын жүзеге асыру жұмысы туралы айтып берді. Осы жоба аясында бизнес, әділет басқармасының, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының, кәсіпкерлер басқармасының, Павлодар облыстық сауда және туризм, «Нұр Отан» партиясының өкілдері Ертіс өзені арқылы жүзіп өтті. «Бейбітшілік» жартылай стационарының басшысы М.М.Ыдырысова реабилитациялық орталық пен аудандық кітапхананың әлеуметтік серіктестігі туралы айтып берді.