Аудандық кітапхана "Сюрприз" балалар клубының қатысушыларымен "Шуақты жаздың 33 құпиясы"атты достық қарым-қатынас сағатын өткізді. Балалар ертегі әлеміне еніп, жұмбақтар шешіп, әдеби викторина сұрақтарына жауап беріп, байқаулар мен ойындарға белсенді қатысты. Соңында барлық балалар белсенді қатысқаны үшін сыйлықтармен марапатталды.
