Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Главная » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Туған елім – Кызылжар»

     Орталық аудандық кітапханасының оқырмандар залында Ертіс ауданының Құрметті азаматы «Туған елім – Кызылжар» кітабының авторы  Елемес Қасеновпен  кездесу кеші өткізілді. Кездесуге Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғұжинов, бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары, еңбек ардагерлері, ауданның қоғам өкілдері, Ертіс ауылы мектептерінің ұстаздары мен кітапханашылары қатысты.      Шараны жүргізушілер орталық аудандық кітапханасының директоры Дымова Тамара Владимировна  мен әдіскер Әлия Жастілекқызы  Баязова «Туған елім – Кызылжар» кітабының авторын ұсынды және оның мазмұны туралы қысқаша түрде таныстырды, айта кету керек оқырмандар арасында туған өлкеге арналған кітап қызығушылық танытуда.Сонан соң сөз кезегі Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғұжиновке берілді, ол өз сөзінде аудан өмірін әңгімелейтін  кітаптың зор маңыздылығы жөнінде атай келе, жазушылардың еңбегіне тәнті болды, атап айтқанда белгілі өлкетанушы жазушылар: Жаманбалинов М.,  Тыщенко В., ақын Маненов С. және Қасенов Е.  шексіз алғысын білдірді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өзі бастамасышы   болған қазақстан ұлттық электрондық сайты жөнінде Дымова Т.В. айтып берді, сонымен бірге Елемес Қасеновтың «Туған елім – Кызылжар» кітабын электрондық кітапханада көрнекі түрде қалай тауып алуға болатынын көрсетті. Е.Қасеновтың серіктесі және досы  М.Ураевский Қызылжар ауылының орнығу тарихы мен дамуы жөнінде әңгімелеп берді.Қызылжар ауылында мекен етуші Дүйсембиновтер отбасы жөнінде олардың ұрпағы Ә.Баязова айтып берді. Кітап авторы Е.Қасенов кітаптың қалай жазылғандығы туралы, Қазақстанның қызықты орындары жөнінде өзінің досы Балғабай Бәкішевпен болғандығын атай келе  шақырылғандарға Қазақстанның тарихи орындарына баруларына кеңес берді.Қызылжар ауылының тарихы жөнінде слайд көрсетілді. Іс шараға орай, «Туған жерді жыр етемін» кітап көрмесі ресімделді.