Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Тіл тағдыры –ел тағдыры» этнофестивалі

Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен № 4 ЖОБМ базасында Қазақстан тілдері Күніне арналған  «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тілдер фестивалі өткізіліп, оған Ертіс ауылының  этномәдени бірлестіктері  қатысты. Құттықтау сөзімен Ертіс ауданының әкімі  С.Б. Батырғожинов сөйлей келе, қазақ, орыс және  ағылшын  тілдерін білу  қажеттілігін алға тартты. Сонан соң,  «Ата мұра» ардагерлер  клубына  алғыс хатты және  көп  жылғы ұлтаралық қатынастарды  қалыптастыруға  ерен  еңбек еткен болгар  этномәдени бірлестігінің басшысы Т.В. Дымоваға құрмет грамотасын табыс етті. Мереке негізінен  күзгі  жәрмеңкеге  арналып, оған әрбір  этномәдени орталығы өзінің  жәрмеңкесін ұсынды.  Орталық аудандық   кітапханасының  қызметкерлері  болғар мәдениетінің  жарқын  белестерін көрсете білді. «Ертіс орталық  аудандық  кітапханасы» КММ кітапханашысы  Т.В. Дымова мереке  жайлы  айта отырып, Болгария  елінде дәстүрге айналғанына толғай келе, қызғылт түсті майды өндіретін жалғыз ел екендігін алға тартты. Осы мерекеде ең  жас  және ең сұлу  раушангүл ханшайымы  таңдалады екен. Раушангүл ханшайымы  рөліне  лайық етіліп балалар  кітапханасының кітапханашысы А.Епанова  тағайындалды. Ол барша  қатысушыларға мереке  аясында  раушангүл   күлтесін шашты. Осы  дәстүр  берекелікті білдіреді екен. Сонан соң, кітапханашы С.И. Женченко болгар  тілінде «Бяла роза» әнін шырқады. Этномәдени фестиваліне орай, кітапханашылар мен  украин, белорус, өзбек тілдерінде материалдар әзірленді. Фестиваль  құрметіне  көрме - инсталяция  ресімделіп, онда  халықтардың салт-дәстүрлеріне арналған кітаптар әзірленді. Сонымен қатар, көрмеге  раушангүлдер ұсынылды, оны кітапханашылар өз қолдарымен жасады, гүлдер, жеміс- жидектер мен  көкөністер ұсынылды.