Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Уақыт және зерде» атты әдеби-саз кеші өтті.

Ұлы Отан соғысы тарих қойнауына өтуде. Бірақ, сол қиын кезеңдер біздің зердемізде мәңгілік сақталмақ. Баршамызға  ұмытуға  құқығымыз жоқ. Осы  жайдары мерекелі күні «Павлодар  облысы жұмысты үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының  «Ертіс жалпы типтегі қариялар мен  мүгедектерге арнайы қызмет көрсету орталығы» КММ   «Уақыт және зерде» атты әдеби-саз кеші өтті. Үй тұрғындары мен шара меймандары  бірден 1941 жылға таянды. Импровизацияланған  сахнада   тырналар үйірі, истребительдер орын алды. Залға «Родина – мать зовет!»,  «Ты записался  добровольцем», «Біздерді Жеңіспен күтіңдер» плакаттары ілінді. Кеш аясында жүргізуші Жеңістің  қандай  қиыншылықпен келгенін айтып отырды. Соғыс  зардабы біздерден  алшақтап келеді. Бірақ, барлық бастан өткен қиын кезеңдерді, біздерді еркін өмірге әкелгенді ұмыту мүмкін емес.  Ұмытылмайды да. Қазіргі әлемде өмір сүруші, ол соғыс кезеңінің балалары, тыл қызметкерлері, біздердің арамызда ғой. Соғыс және ән: олар арасында қандай ортақ іс бар. Сүргелең жағдайда әннің орны қандай. Әлбетте, оның маңыздылығы зор. Бүгін де осы шарада өнер мектебінің  ұстаздары Ф.А. Ликарь, В. Борисов, Ж. Досмұхамбетова «Священная война», «Катюша», «Синий платочек»,  «Темная ночь» әндерін шырқап, шара соңында «Жеңіс Күні» әнімен тәмамдады.

                  Біздер білеміз, Ұлы Жеңіс қандай бейнетпен келгендігін және Отаны үшін өз өмірлерін қиған аталарымызды, құрмет тұтамыз. Ал, сонау соғыс  кезіндегі әндер легі қазір де шырқалуда, өйткені олар біздерге жігер береді, адамгершілік рухын дәріптейді емес-пе.