Уважаемые читатели!К вашему вниманию в центральной районной библиотеке есть доступный Wi-Fi!!!

Меню

Электронная библиотека

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Режим работы

ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
09.00 - 18.30
СБ 9.00 - 17.00
ВС ВЫХОДНОЙ
Последний день месяца – санитарный день
Басты бет » Новости » Ақын кітабының тұсауы кесілді

9 қыркүйек  күні аудандық орталық кітапханасында әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын Самат Мәненовтың «Жыл мезгілдері» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітаптың тұсаукесер шарасына  аудан әкімінің орынбасары Ержан Рахымжанов, ақынның үзеңгілес замандастары, мектеп директорлары мен ұстаздары,аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алтынай Тілеуова, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Жанар Дүйсенбина, халық қалаулылары Ерлан Кенжетаев, Қалауиден Ибрагимов және көптеген оқырмандар  қауымы қатысты. Шара Самат Мәненұлының шығармашылық еңбек жолдарынан, отбасы мен жастық шағынан сыр шертер бейнебаянымен басталды. Бес жасынан ақындық өнері қылаң берген Самат ағаның алғашқы өлеңдері сонау 1964 жылдардан бастап, жарық көре бастаған екен. Көбінде лирикалық сарында жазылған өлеңдері, табиғат туралы өлеңдерінің қай-қайсы болмасын өзінің иірімдерімен, мағыналарымен ерекшеленіп, адамның ойына терең бойлайтын шумақтар. «Шын жүректен шыққан сөз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шара барысында әдістеме бөлімінің қызметкерлері көрмеге шолу жасады. Тұсаукер шарасында жиналған қауым түгелдей ақынға ыстық ықыластарын білдіріп, кітаптары толастамай шыға берсін деген  тілектерін білдірді. Самат Мәненұлы кітапхана қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, «Жыл мезгілдері» атты кітабын сыйға тартты.