Иса Байзақовтың 100 жылдығы қарсаңында
Иса ақынның қызы Мақпуза Байзақова жайлы Қазақ радиосына хабар дайындайын деп 1969 жылы үйіне арнайы іздеп бардым. Жарқын көңілімен қарсы алды. Әңгімелесе келе менің Павлодар облысынан екеңімді біліп, тіпті балаша қуанды. Жан жолдасы Бердібек ағаға "Көктен іздегеніміз жерден табылды, қазақтың қара шаңырағының бірі - Исекең кезіңде жиі болып тұратын Қазақ радиосынан келіпті" – деп қуанышын білдірді. Сөз арасында Иса ақын кезінде Қарағанды облыстық радиосында қызмет істегенін де айтып өтті. Менің сұрақтарыма жауап бере отырып, сөз арасында әкесі мен анасының туып-өскен жеріне ойыса берді. Мені сол жақтан келді деп іштей бауырына тартты. Бір көргеннен мен ол кісінің бауырмалдығын сезіндім. Кейін Мақпуза Исақызы жайлы да, әкесі Исекең жөнінде де радиодан талай хабарлар берілді. Соның бәрін қуана естіп, өзінің сол хабарлар жөнінде ойын айтып, кейін келе өзі де Қазақ радиосының тұрақты авторы болып кеткен еді. Ол кісі тумысынан дайын журналист болатын. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі деген куәлігі де бар. Кейіннен Мақпуза Байзақова "Өнерім - өмірім" атты әкесі жайында орыс, қазақ тілдерінде кітап та шығарды. Ол кітабында Қазақ театрының тұңғыш әртістері: Қапан Бадыров, Қалибек Қуанышбаев жайлы да мақалалар болды. Құрманбек Жандарбеков, Сәбира Майқанова, Бикен Римова сияқты сүйікті •; актерлеріміздің шығармашылығы жайында баспасөз беттерінде де жазған болатын. 1970 жылы Иса Байзақовтың 70 жылдығы тойланар алдында Мақпуза Павлодар облысының сол кездегі Атқару Комитетінің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа хат жазып, өзі жазған әкесі туралы кітабын жіберіп, Иса туып-өскен ауылды, сондағы мектепті ақын есімімен атап, Ертіс ауданында ескерткіш ашуын өтінген еді. Махмет аға: "кітапты сүйсініп оқыдым, қолымнан келгенше көмегімді аямаймын" - деп жауап жазыпты. Иса ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген ақын Мүбәрак Жаманбалинов бастаған ауыл азаматтары да осы жұмысқа белсене араласты. Шынын айтсақ, Мақпуза апай қозғамағанда мүмкін ақынның 70 жылдығы аталып өтер ме еді, өтпес пе еді, ол - беймәлім. Иә, "Әке көрген оқ жонар" деген осы болар. Мақпуза өзінің қалған өмірінің 20 жылын тек әкесінің шығармашылығын зерттеумен айналысты. Алдағы 80,90 жылдығын өткізу жайлы да толғанды. Мақпуза Исақызы өмірдегідей сахнада да шыншыл, табиғи дарынымен дараланған актриса еді. Қай ролінде болса да сол кейіпкердің бейнесін жасауда оның ішкі жан дүниесін өзінің жүрегі арқылы қабылдайтын.
Менің өз басым Мәкеннің (әріптестері осылай атайды) театрдағы рөлін алғаш 1968 жылы көрдім. Ол кезде қазіргі Әл-Фараби атындағы университетінің екінші курсында оқып жүрген кезім болатын. Атақты Иса мен қазақ сахнасының алғашқы қарлығаштарының бірі болған Шәрбанудан туған актриса Мақпуза қаңдай өнер иесі екен деген ой толғаңдырды. Соңдықтан, Баянның ролінде (Қозы Көрпештегі) қалай ойнайды екен,- деген оймен театрға бардым.
...Қасымда отырғандар Мақпузаның Баянын көріп, "Жақсының бір көзі ғой, тамаша ойнайды екен" деп оның қабілетіне жақсы баға беріп жатты. Кезінде Исекеңді көрген адамдар болу керек.
Сұм заман сағымдай боп көшіп өткен,
Басына бұқараның қайғы шөккен.
Түнекте туып-өскен қазақ қызы.
Көлдетіп Қара көзден жасын төккен. - деген ақын сөзі Баянның образымен тұтасып, бізді де ерекше бір сезімге бөледі.Кейіннен – осы Баян образы жайлы, әсіресе «Баянның жүрек толғанысын жақсы жеткіздіңіз» дегенімде, "Оған өнер мектебін бітіргенімнің үлкен себебі болды", - деді. Мақпуза Байзакова Мұхтар Әуезов атыңдағы академияның қазақ драма театрына келгенге дейін, Москвадағы Луначарский атындағы өнер институтын, оның алдында Алматыдағы хореографиялық училищені бітірген екен. Міне, Баян ролінде осы бидің көмегі болды дегені де содан болар. Тағы да жаңағы Баянның өлетін сценасындағы образына келсек, Баянның өліміне трагедиялық сарынды бере отырып, оның елімен, жерімен қоштасатын жерін өте нанымды жеткізе білді. Ақ көйлектің жеңі желбіреп, екі қолын созып, зыға биік жар басынан төмен түсіп келе жатқаны сахнадан бейне бір аққу жүзіп келе жатқандай әсер берді. Мәкеннің Баяны шын, адал махаббаттың символындай, жас албырт қыздың ерекше жүрек толқынысымен берілді. Соны сахнадан көріп, сезініп, сондай күй кештік. Міне, осы рольді көргеннен кейін- ақ, осы Мақпуза Байзақовамен жүздесу сәттерін тағатсыздана күттім. Бір жылдан кейін кездестік. Кейін келе-келе Иса ақын мен актриса Шәрбану жайлы талай әңгімелер естідім. Соның бірі жайлы айтсақ: -Біз ата-анадан бір ұл, бір қыз болдық. Інім Ертіс менен екі-үш жас кіші болатын. Анамыз дүниеден ерте кетті (29 жасында). Ол кезде біз мектепте оқып жүретінбіз. Кейін анам қайтыс болғасын, әкеміз бізді Алматыдағы интернатқа берді. Өзі соғыс жылдары Отан қорғау қорына ақша жинаймын, майданға көмектесемін деп гастрольдік сапарларда жүрді. Кейін келе әкеміздің қандай адам болғанын, оның қандай істермен шүғылданғанын, халкы үшін қандай қызмет атқарғанын білу үшін оны көрген адамдармен тілдесіп, туып-өскен жеріне барып қариялармен кездесіп, әкем жайлы әбден қанық болдым. Кейін әкемді халыққа, елге танытсам деп армандадым.Әкем марқұм 23 жасында туып-өскен ауылында тұңғыш мектеп салдырыпты. Сол мектеп қазір де Исекеңнің атында. Олар жыл сайын әкем қайтыс болған 3-ші қазан күні еске алу кешін ұйымдастырып тұрады. Әрі Исекең жайлы дайыңдаған құнды деректері бар мұражай жұмыс істейді.Әңгіме арасында: "қазақта екі ақын жайлы жиі айтылады. Қасым мен Иса дос болған, екеуі де үй ала алмай, пәтерсіз кетіпті", - дейді, - сол шын ба? ,- дедім.
-Оны несіне еске түсірейік. Исекең ешқашанда өзінің жеке басының қамын ойламаған.Қасым ақын да сондай болған. Ауырып жатып маған айтқан мына сөзі әлі құлағымнан кетпейді. Ол: -"Мені, халқым ұмытпайды, сенем, іздейді әлі Исасын" - дегені еді. Орыс жазушыларымен де дос болды. Жақын досы, Николай Анов кезінде әкем жайлы роман жазды, соның желісінде кино қойылды. "Ән қанаты" фильміндегі Мұса Байжанов образын - Иса Байзақов деп біліңіздер. Әкемнің "Желдірмелеріне" бас иген әнші -. күйшілер, оның сегіз қырлы, бір сырлы ақындығы мен актерлігін, композиторлығы мен әншілігін мойындаған.
«Ақын, жазушы болсам қайтеді», деп бірде әкеме шығарған өлеңдерімді әкеп көрсеттім. Өлеңдерімді Исекең көріп шықты да "күшеншек ақын болма, өлең дегенің түйдек-түйдек тоқтаусыз келіп жатқаңда ғана ақын боласың, ал ондай қасиетті сенен сезінбей тұрмын, ренжіме, сенің бойында ерекше қасиет, көз жанарында бір от бар, анаңа ұқсас қасиеттерің көп, сенен актрисалық өнер шығады, актерлікке баруың керек", дегесін осы мамандықты таңдадым.
Әке өтінішін өтеу жолында Мәкен көп қиындық көрсе де, жалғыз інісі Ертісті оқытамын деп, би мектебінде екі жылдай дәріс береді де, інісін Москвадағы Ломоносов атындағы университетке оқуға жібереді. Ал өзі болса, інісінен кейін екі жыл өткесін барып Москвадағы Луначарский атындағы өнер институтына оқуға түседі. Кейін жоғары оқу орнын екеуі де қызыл дипломға бітіріп, Алматыға оралады. Ол кезде Исекең де, Шәрбанудың да жоқ кезі. Жетім өсіп, қиындық көрсе де, қаражат пен киімнен таршылық көрсе де, студенттердің алды болатын.
Тағы бірде Мәкен апай: - Исаны халық тек ауыз әдебиетінің өкілі, айтыскер ақын деп қана біледі. Мектеп оқушыларының кітабына да солай деп енгізді. Бірақ, әдебиет зерттеушілері де, мен де, ол ойға қосылмаймын. Себебі, Исекең ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін бітістіретін көпір іспетті. Оның үстіне ол - композитор, талай әндердің авторы, әнші, актер, қазақ театрын алғашқы құрысқан адамдардың бірі. Сондықтан, Иса Байзақов әдебиет пен өнер, тарихты бітімдестірген мәдениет қайраткері. Талай поэмалардың авторы, осы құнды дүниелер мектеп оқулығына әдебиетке енгізілуі керек,-деген ойын айтып, "шіркін, сол күнді көретін кезім болса", - деген еді. Бұл жайында кезінде заманымыздың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов те үлкен баға берді емес пе. Кейінгі жазатын романым Иса туралы болады деп жоспар да кұрған екен. Әттең, сол сөзінен кейін бір жыл өтпей өмірден өтіпті. Мұхтар Әуезовтің мұражайында ол туралы деректер де бар болар. Бірде Иса ақын Мәкен мен Ертісті интернатқа іздеп келеді. Үстінде су жаңа костюм, көңілі жарқын, бір қуаныштың лебі еседі, әдеттегіден ерекше болып көрінеді. Балаларының оқуын, хал-жайын біледі. "Әке, жаңа костюм алғансың ба?" деп сұрайды. Сонда Исекең: -Әй, Мәкеш-ай, түскен қаржының барлығын майданға жіберіп жатқан жоқпын ба, бұл костюм Мұхтар Әуезовтікі, ертең шетелден біреулер келеді деп жатыр, солардың алдында өлең оқимын, қалай барамын, үстімде дені дұрыс костюмім жоқ, -дегесін шақыртып алды да, шкафты ашып, «тандағаныңды ал» демесі бар ма.Осы костюмді таңдап алдым да, «Мұқа, енді костюмді керосин қатқанда әкелемін» деп жүре бердім,- деп күліпті. Шынында да Мұхтар Әуезов Исекеңді ерекше құрмет тұтатын, қадірлейтін, қаңдай бір мәдени шаралар болып жатса, алдына жан салмай бірінші Исекеңді шақырады екен.
Исекеңнің қызы Мақпуза Байзақовамен тығыз араласып қана жүрмей, ұзақ жылдар кішкентай Мәдиіммен үйлерінде бірге тұрған кездерім де болған. Біздер ол кезде Алматыда пәтерде тұратынбыз. Жұмысқа екі-үш автобуспен қатынаймын, пәтер ақысы да көп, оның үстіне тұратын үйіміз суық, дымқыл, балам ауыра берді. Бір күні Мәкен тәтей Бердібек ағамен бізді тұрған пәтерімізге іздеп келді. Тұрған күйімізді көріп, көзіне жас алып жылады, кішкентай Мәдиді бауырына басып отырып, Бердібек ағаға ; қарады да:
-Беке, біз ғой екі бөлмеде екеуіміз ештеңе білмей тыныш жатырмыз, мына балалар көгерген үйде, суықта тұрып жатыр, менің әкем Иса, анам Шәрбану болса, өздері пәтерде жүріп, талай адамды қолдарында ұстап, өнерге баулыды. Солардың бірі - Сәбира Майқанова еді ғой, қалайша осыны көріп тұрып, балаларды қалдырып кетеміз. Бізбен бірге тұрсын,- деп егілді. Сол күннен бастап 1978 жылға дейін радиодан үй алғанша Бердібек аға мен Мақпуза тәтейдің қолында тұрдық. Сол жылдары Мәкеннің талай ойнаған спектакльдеріне барып, оның бүкіл өмір, өнер жолымен таныстым. Асылында, Мақпуза Байзақованың орындауында рольдердің қай-қайсысында болмасын шындық басым. Оның өмір бойы қатаң сақтағаны рольдің ішкі жан дүниесіне терең бойлай білуінде. Ол сол кезде өзін сахнада мүлдем ұмытып, өзі жасап отырған образға бар болмысымен берілетін. Кезінде театр зерттеушілері, Қадиша Бөкееваның - Катеринасы, Сәбира Майқанованың - Толғанайы, Шолпан Жандарбекованың - Ақтоқтысы десе, Мақпуза Байзақованың "Шоқан Уәлихановтағы" Айжанына жоғары баға бергенін естіп, газеттен де оқыған едік. Мақпуза Байзақова кезінде педагог та болды. Ол театр студиясыңда және Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтында би өнері мен актер шеберлігін дайыңдауға үлес қосып, студенттерге дәріс берді. Олардың ішінде ерекше танылған дарындар: Әнуарбек Молдабеков, Есболған Жайсаңбаев, Баян Имашева, Салиқа Қожақова, Әнуар Боранбаев, Бақыт Жанғалиева, Ғазиза Әбдінәбиевалар еді. Олардың қай-қайсысы да кезінде көрермендерді тамсандырған дарынды актерлер болғанын бәріміз де білеміз. Бірақ, бүгінде көбі бұл дүниеде жоқ. Иә, актриса Мақпуза Байзақованың өнерге деген бейімділігі, сүйіспеншілігі сол кезде ана сүтімен дарыды десек, дұрыс болар. Мәкен өнер жолына өзінің тынымсыз еңбегімен келді. Кезінде оның өнер жолындағы еңбегі бағаланды. "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталынып, 1971 жылы "Казақстанның еңбек сіңірген әртісі" деген атаққа ие болды. Оның өнер жолы өзінің сүйікті жары, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақ концерттің белді әншілерінің бірі Бердібек Бейсеновпен өле-өлгенше бірге өтті. Үш жылға жуық денсаулығының жоқтығынан сал болып жатып қалғаңда, аялап күткенін өз көзімізбен көрдік. Иә, талай өмір, талай жылдар өтті. Бірак, осы бір әке-ана жолын жалғастырған Мақпуза Байзақованың өнердегі өнегелі жолы, оның еңбекқорлығы, әрбір айтқан ақылы, ойлы сөздері, берген тәрбиесі менің өміріме, ұзақ еңбек жолыма азық болды десем, артық айтпаған болар едім. Бір ғана арманы "әкемнің 100 жылдығына жетсем" деуші еді, әттең, жете алмады. Дегенмен, Исекеңнің немерелері Құралай, Қырмызы, Жұлдыздар осы бір елі тойлайтын Иса аталарының салтанатын өз көздерімен көріп, бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа паш етіп, дауылпаз ақын Исаның асыл мұраларын ғасырдан-ғасырға жеткізуге бастау жасайды деп сенеміз...
Ғалия Балтабай
Иса атамның балаларымен 1951 жылдан алты жасымнан бастап көріп біліп о дүниелік болып кеткенше араластым. Қазір Ертістің балаларымен, Фарида жеңгеймен араласып тұрамын. Ертіс аға Москвада ММУ - де оқып жүргенде жазғы демалысымда 1951 жылы Ертіс ауданы Қызылжар колхозына біздің үйге келді. Әкем сонда бастық еді. Исаның баласы келді - деп ел қой сойғаны бар, шайға шақырғаны бар қошамет көрсетіп он күндей қонақ болып қайтты. Әкем пара атпен жүріп қыдыртып, кетерінде Ертіс ауданына апарып, Керекуге дейінгі параходқа мінгізіп салды. Әкемнің Исаға, оның балаларына деген қүрметі, сүйіспеншілігі, қастерлеуі ерекше еді. Сол Ертіс келіп кеткенде бір кескен нанды тістеп қалғанын сөреге келесі келгенше сухар етіп сақтап қоюшы еді. Сонда жақсының үрпағы, қалған тұяға аман болып, дәм - тұзы елге тартып тұрсын - дей ме, білмеймін осы күні ғана соны ойлаймың неге сүйтті екен деп.
Ертіс аға содан былай елден қол үзген жоқ келіп-кетіп, әкеммен хат жазысып тұрды. Жазғы демалыста жанүясымен келетін. Әкем туған - туыстарды атпен, машинамен тіпті трактормен арбасына шөп салып, мотоциклмен қыдыртқан кездері де болды. Ол кісілер келгенде бізге үлқен мереке болатын. Ең әуелі Иса апамыздың үйі Зылиқа апамыздың үиіне бара-тын, содан кейін Оразбайдың төрт үлынан тараған жақындарды аралап, он бес жиырма күндей жүріп Алматыға оралушы еді. Ертіс ағаның мінезін ес біліп, студент кезімнен бастап ойласам тірі жүрген періште деп ойлар едім. Өте мәдениеттілігімен, әдептілігіне әрбір адамға үлкен-кіші, хан мен қара демей қарапайымдылығы Ертіс аға мен Мәкен тэтеге тэн қасиет еді. Жаны таза, жүрегі аппақ, кең пейіл мейрімді жандар. Өмір осылай тәрбиеледі ме, элде табиғатынан тектілігі ме, таң қалушы едім. Әке - шеше тәрбиесін көрмесе де салт -дәстүрді өте сақтайтын. Фарида жеңгейге үйленген соң келесі 1958 жылы жазда келді. Фарида жеңгейге басына орамал таққызып, аяғына шүлық кигізіп әкелді. Әкем маңдайынан сүйіп, сен қызым сияқты бол орамал тақпай - ақ қой деп рұқсатын берді. Ертіс аға 1964 жылы ҚазПи - дің Физика-математика курсында оқып жүргенімде мені Алматының Панарома кино театрына «Большой вальс» және «Спящая красавица» деген балетке екі күн үдайы апарды. Өзі ақырын түсіндіріп отырды. Елден барған ол кезде телевизор жоқ. Киноның өзін ауылға сирек әкеліп көрсететін. Сол күннен бастап мен балетті жақсы көріп кеттім және түсінемін. Қазір жастар оған қарамайды да.
Оқуға барған кезімде Ертіс ағай киім әперем деп «Детский мир» дүкеніне апарды. Артында екінші этажға көтеріліп келе жатқанымыз қарама-қарсы үш негрдің жігіті түсіп келеді. Менің таңырқап қарағанымды сезді ме тістерін ақситып күлді, мен далаға қарай тұра қаштым ағай оны сезген жоқ. Артымнан іздеп даладан тауып алып рахаттанып күлгені бар. Мені еркелетіп Күләш демейтін Кияшка дейтін. Ол - Құралай мен Қырмызының тілі. Күлген-де жымиып күлетін, сөйлегенде дауысы сондай әдемі еді. Қатты ашуланғанды көрген емеспін. Жақсылығы мол қамқоршы аға еді. Иса деп келген адамға бір үзім нан, қара шаймен қарсы алсам да қабақ шытпа - деп Фарида жеңгейге айтып отыратын.
Институтты бітіріп мемлекеттік емтихан тапсыратын кезде бірінші мемлекеттік емтихан философия 41 билет 3 сүрақ Ленин мен Маркстың еңбектері том - том кітап оқуға уақыт жоқ, оны ұғуға да уақыт жоқ. Мәкен тәтем мен таптым деді. Телефонмен Ертіс ағаны шақырып алды да, сен ертеңнен бастап түскі тамаққа осында келіп, екі — үш күн лекция оқып жібер деді. Мәкеша айтқаның қүп болады - деп қосымша анықтамалармен өте түсінікті етіп оқып берді. Менен бүкіл курс жазып алып сондай риза болды. Сол емтиханда екі студент ғана төртке тапсырдық. 1990 жылы 13 - қаңтарда Ертіс ағаның 60 жылдық тойында мен, аға - жеңгем, інім, келінім бірге бардық. Сонда әрбір күнімізді мағыналы етіп жоспарлап қойыпты. Рахаттанып бір жұма дем алып қайттық. Сол жылы қыркүйек айында Иса атамыздың 90 жылдығы өтті. Одан қазан айының 16 - сында Ертіс ағаны жерлеуге 20 шақты адам автобуспен бардық. Осы Ертіс аға Мәкен тәтеммен болған уақыттарымның барлығы бір өмір университеті сияқты болып тұрады...
Ұстаз Күләш Әбиқызы
«Еңбек ардагері»«Қазақ ССР-інің
халық агарту ісінің озық қызметкері»
«Медаль за доблестный труд»
Ертіс ағаны Алматыдағы Әл - Фараби (бұрынғы Киров атындағы) Қазақтың Мемлекеттік Университетінде оқып жүрген кезімнен білемін. 1967 жылы екінші курста оқып жүргенімде ол бізге «Өнер және эстетика» сабағынан дәріс берді.Студенттер атақты Иса ақынның ұлынан дәріс алғанын ерекше мақтан ететін. Мен де сондай ерекше сезімде, дауылпаз ақын, өнердің бар тұткасын ұстаған Исекеңнің ұлынан білім алғанымды ерекше бағалайтынмын.
Ертіс Исаұлы өз сабағын ерекше сүйетін, оның қыры мен сырын әрбіріміздің бойымызға дарытып, содан өзі де ләззат алатын. Өте білімді, кішіпейіл ұстаз еді. Студенттер мен үнемі бірге жүретін, қарапайым адам болатын. Бірақ, ол кісіге өзімнің ақынның туған жерінен екенімді айтпайтынмын. Сырттай ғана сүйсініп, ол кісіге деген туысқандық сезімімді алыстан ғана білдіретінмін. Тіпті басқа студенттердей емтихан кезінде көмектесіңізші деп айтпайтынмын. Ондай жайды студенттік жылдарымдағы қиын кезде де пайдаланған емеспін. Ертіс ағамен 1970 жылы Иса Байзақовтың 70 жылдық еске алу өнер кешінде жақынырақ таныстым. Мақпуза тәтем таныстырды. Махпуза тәтей інісі Ертісті қатты ойлайтын. Ол кісінің соңғы жылдары денсаулығы нашарлап, көкбауырына операция жасайтын жылы қатты қиналды. Соңымнан ерген жалғыз інім, Иса ақынның тұяғы, менің де денсаулығым нашар, қан қысымым жоғарлап, тек дәрінің күшімен жүремін. Ертістің екі балапаны болса әлі кішкентай, не болады екен деп ойлаймын. Әкеміз Исекеңді қалың қауымға насихаттау, оның асыл қазынасы, әдебиет саласындағы құнды еңбектерін жеткізу осы інім Ертістің еншісінде, сондықтан дені сау болса екен деп шырылдайтын. Бір күн сөйлеспесе, бір көрмесе ішкен асы бойына сіңбейтін. Осыны қатты түсінетін Ертіс аға да, туған апасы Мақпузаға қатты еркелейтін. «Біздің Мәкеша» деп оны да еркелететін. Мақпуза да Ертіс аға да өте мейірімді, адал, адамгершілігі зор, біреудің ала жібін аттамайтын, жаны жайсаң адамдар еді. Біреу үшін отқа да, суға датүсетін асыл жандар еді. Мәдениеттілігі де ерен еді ғой. Сіз, біз деп үлкенді де, кішіні де сыйлай білетін әркімге де қамқор жандар болатын. 1990 жылы Иса ақынның 90 жылдығына телеви-зиялық хабар жасайын деп телеоператор Владимир Масленников пен Алматыға арнайы келдік. Сонда Ертіс ағаның үйінде болып, документті фильм түсірдік. Ертіс аға Иса ақынның барлық өнер жолын еске ала отырып, оның әншілігі, әсіресе композиторлығы жөнінде құнды деректер берген еді. Телевизиялық фильмді түсіріп болғаннан кейін Фарида тәтейге: тезірек киіне ғой, мына үйдің қасындағы фотоательеге бара қояйық, Ғалия бізге күнде келмейді, ескерткіш болсын деп еді. Мына кітаптағы үшеуміздің суретіміз сол күні түскен сурет. Сол жылы Ертіс аға Фарида тәтеймен, немерелері Жүлдызды алып Иса ақынның 90 жылдығын тойлауға Павлодар мен Ертіс ауданына арнайы шақырумен келді. Сонда тағы кездестік.
Телестудияға арнайы шақырылып, тікелей эфир арқылы Павлодарлықтармен жүздесті. Содан кейін Иса ақынның ауылындағы салтаннатты көріп, театрландырылған шеруге қатысты. Ақынның мектебіндегі Иса Байзақов жайлы мүражайдағы жиналған құнды қүжаттар мен әртүрлі жылдардағы суреттері, жиналған еңбектерді тамашалап тамсанды.
Әкемнің еңбегі жанды ғой деп қатты қуанды. Сол қуанышын журналистерге жеткізіп, сұрақ қойғандармен ашыла сұхбаттасты. Өзінің алдағы жоспарлары жайлы бөлісті.
Осыдан барысымен Алматыдағы Иса ақынды еске алу күніне дайындаламын, Жазушылар Одағымен келісімім бар, бірлесіп өткіземіз деп ойда жүрген ойларын ортаға салды.
Бірақ сол күнге жете алмадық. Ерекше қуанышпен,толғаныспен Алматыға барысымен Исекеңнің ұлы Ертіс аға еске алу салтанатына дайындалып, ақынның зират басын ретке келтіреді, сол күні қанқысымы жоғарылап үйге әрең жетеді. Өмірінің соңғы күні әкесінің басына барып тағзым еткені кім де - кімді қатты толғантады.
Исаның ұрпактары ұлы Ертістің қазасымен әлек болып Иса аталарының 90 жылдығын Алматыда атап өте алмады. Он жылдан кейін 2000-шы жылы Павлодарда, Ертіс ауданында, туған жері Иса ауылында, Астанада ақынның туысы тарих ғылымының докторы, сол жылдары Евразия Университетінің ректоры болған Амангелді Құсайынов Ертіс ағасының жоқтығын білдірмей, елордада кереметтей еске алу салтанатын өткізді. Осы салтанатқа академик жазушылар, ақындар мен журналистер де қатысқан еді. Мен сол бір салтанатты Астана, Павлодар Телевидениесінен көрсетіп қалың оқырмандар мен көрермендерді бір тәнті еткен едім. Үш сериялы телефильм дайындап, көрермендерге ұсындым.
Ғалия Балтабай
2001 жыл Астана