
Иса бабамыздың 125 жылдық мерейтойына орайластырып шығарылға осы кітапқа біздер ақын туралы танымал каламгерлердің жазғандарынан гөрі. Исаны көзімен көрген жерлес замандастарынын, бала шағында даусыз дүлдүлдің даусын естіген жерлестерінің, аудан, облысқа танымал жергілікті журналистердің басымдылық бере отырып, ұрпақтарының әр жылдары жазған естеліктерін енгізіп отырмыз. Сонымен катар олардын Иса ақынға арнап жазған, бүрын ешкайда жарияланбаған көркем шығармалары кітаптан орын тапкан. Жинакта ақынның отбасы, ұрпақтары, өмір, өнер жолында тығыз карым-қатынаста болған жолдас жоралары туралы да естелік әнгімелер баршылык. Жерлестері тарапынан үсынылған материалдар өте көп болды. Солардың ішінен мазмүнды, мағыналы, көркемдігі жоғары, маңызды, келер ұрпақ үшін құнды дегендерін сұрыптап кітапқа енгіздік. Ақынның балалық шағынан, өмір жолынан, суырыпсалмалык, әртістік шеберлігіне катысты, жалпы адами асыл касиеттеріне қатысты берілген материалдар оны көпшілікке бұрындары таныс болмаған кырынан танытады деген ниеттеміз.