Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Әлкей мұрасы - халық қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Орталық кітапхана әдіскері А.Джамбулова №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында қазақтың төл археологі, білгір тарихшысы, әйгілі этнографы Әлкей Марғұланның 120 жылдық мерейтойына арналған «Әлкей мұрасы - халық қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті. Академик Әлкей Марғұланның елімізде археология ғылымының қалыптасуына, дамуына, оның өзекті мәселелерін шешуге арналған ой – пікірлері, қол жеткен нәтижелері мен қалдырған ғылыми мұрасы жайында сөз болды. Дөнгелек үстелде география мұғалімі А.К Махметов пен мектеп кітапханашысы Г.Ш. Ауталипова академик жайлы тың деректерімен бөлісті. Спикерлер ретінде 8 «А» сынып оқушылары сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында «Атаның сөзі, көненің көзі» дей отырып Әлкей Марғұланның тірі кезінде жазылып, мұрағатта сақталған жанды дауысы бейнежазбадан тыңдалды. Шара соңында жиналғандар кітап көрмесін тамашалады