Ертіс аудандық орталық кітапханада ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Қазақ Ғылым академиясының негізін қалаған ,әрі оның тұңғыш президенті болған Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “Қазақ халқының мақтанышы мен даңқы” атты портрет кеші өтті.
Іс-шараға Ертіс ауданы прокуратурасының прокуроры К.К Омаров, “AMANAT” партиясы Ертіс аудандық филиалының атқарушы хатшысы Г.К Калижанова, №2 ЖОББ мектебінің география пәнінің ұстазы Ә.К Махметов қатысты. Кітапхана әдіскері А.К. Джамбулова Қаныш Сатпаевтың өмірбаянына тоқталып, “Kahoot” платформасында викториналық ойын өткізді.
