Аудандық кітапханада Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай "Ауғанстан - жүректегі жара" атты ерлік сағаты өтті. Іс-шараға N1 және N2 Жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Кеш қонақтары Ауған соғысының ардагерлері Николай Дмитриевич Сырбул, Сергей Викторович Немцов ерлік, төзім туралы естеліктерімен бөлісті.
