Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ертіс ауданының орталық кітапхана жүйесі күні өтті

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ертіс ауданының орталық кітапхана жүйесі күні аясында Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақ ССР-не еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, Жазушылар Одағының мүшесі, Ертіс ауданының «Құрметті азаматы» Мүбәрак Жаманбалиновтың 100 жылдығы аясында және шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ертіс Жаманбалиновты оқиды» жобасын таныстыру кеші өтті.

Іс шарада Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан Мүбәрак Жаманбалиновтың есімі балалар кітапханасына берілетініне тоқталды. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, “Құрмет” орденді журналист, Павлодар облысының Құрметті азаматы Ғалия Балтабай М.Жаманбалинов туралы естелінен сыр шертті. Сонымен қатар іс шараға Ертіс ауданының мәдениет, дене шыңықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлдана Сәрсембенова, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана директоры Шолпан Шахметова, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Ғалымбек Жұматов , Ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Мүбәрак Жаманбалинов» кітабының авторы Алтын Бақраденова /онлайн байланыста/, ұрпақтары Талап Жаманбалинов, Мадина Ғылмиденқызы, ардегер- ұстаз Нұрболат Ауталипов, Ертіс ауданының «Құрметті азаматы», ақыны - Самат Маненов, Қазақстан журналистер Одағының Павлодар облысы филиалының директоры Болат Аманбаев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Облыстық “Сарыарқа самалы” газетінің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев және облыс кітапханашылары қатысты.

Фойеде орналсқан Ертіс балалар өнер мектебінің қазақ аспаптар ансамблінің өнері қатысушыларға керемет әсер сыйлады. Сонымен қатар «Халқымның жүрегінде ақын жыры» атты кең көлемді өлкетану көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде М Жаманбалинов мұрағатынан фотосуреттер мен құжаттар және Ертіс ауданының танымал ақын- жазушыларының кітаптары ұсынылды.