Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.00
Сн Демалыс
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Бiр ел-бiр кiтап

"Бір ел - бір кітап" - 2026.

2026 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының қорытындысын шығару жөніндегі отырыс өтті. Сондай-ақ 2026 жылға арналған жалпы ұлттық оқу аясында таңдалған кітап жарияланды..

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2026 жылдың кітабы ретінде көрнекті қазақстандық жазушы Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романы - «Тағдыр» таңдалды..

«Тағдыр» романы - қазақ әдебиетіндегі елеулі туындылардың бірі. 1990 жылы осы шығарма үшін Қабдеш Жұмаділовқа Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

«Тағдыр» романында автор тарихи отанынан тыс жерде қалған қазақ халқының трагедиялық тағдырын суреттей отырып, ұлттық болмыс, тарихи жады және адам рухының беріктігі сияқты маңызды тақырыптарды көтереді.