Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.00
Сн Демалыс
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Аталып өтілетін және еске алынатын күндер

2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ

АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН

КҮНДЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШІ 

ҚАҢТАР

 

      1 қаңтар – Ертіс ауданының «Ертіс нұры» газетінің алғашқы саны жарық көргеніне 35 жыл (1991)

     12 қаңтар – тарихшы - өлкетанушы. Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Эрнест Дмитриевич Соколкиннің туғанына 90 жыл (1936-2021)

      13 қаңтар – профессор, филолог, педагог, музыкатанушы, әдебиеттанушы, ағартушы, коллекционер, композитор, ҚР Еңбек сінірген қайраткері, Павлодар облысының Құрметті азаматы Наум Григорьевич Шафердің туғанына 95 жыл (1931-2022)

АҚПАН

   8 ақпан - ғалым-филолог профессор, С. Торайғыров, М. Әуезов, Е. Мүсірепов, С. Мүқанов, Ж. Аймауытовтардың шығармашылығын зерттеуші, әдебиеттанушы Ермек Өтебайұлы Өтебаевтың туғанына 100 жыл (1926-1999)

НАУРЫЗ

     9 наурыз – мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Иван Пантелеймонович Лопатиннің туғанына 100 жыл (1926-1993)

СӘУІР

      14 сәуір – ғалым-әдебиеттанушы, жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ҚазКСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚазКСР Еңбек сіңірген муғалімі. КСРО халық ағарту ісінің үздігі Белгібай Шалабайұлы Шалабаевтың туғанына 115 жыл (1911-1987)

МАМЫР

      21 мамыр – дәрігер-хирург, ҚР Еңбек сіңірген денсаулық қызметкері, КСРО Денсаулық сақтау саласының үздігі, Ертіс ауданының Құрметті азаматы Зинаида Николаевна Раздорская 85 жаста (1941)

      25 мамыр – Кеңес Одағының Батыры Қүдайберген Мағзүмүлы Сұрағановтың туғанына 105 жыл (1921-2008)

      25 мамыр – - Кітапхана ісінің ардагері, С. Торайғыров атындагы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры (1985-2015), ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Майя Әбдірахманқызы Жиенбаева 70 жаста (1956)

МАУСЫМ

      5 маусым – ақын, жазушы, драматург, либретист, Қазақстан Хореографтары кеңесінің төрағасы, киносценарист, балет театрының режиссері, қоғам қайраткері, «Приз Улановой» халықаралық балет фестивальінің Президенті Дүйсенбек Тыныштықпайүлы Нақыповтың туғанына 80 жыл (1946-2021)

      8 маусым – Павлодар мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе станциясы үйымдастырылғанына 70 жыл (1956)

ШІЛДЕ

       15 шілде – ғалым, филолог. жазушы. драматург, аудармашы, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткері Қошмұхамбсі Дүйсенбайүлы Кемеңгеровтің туғанына 130 жыл (1896-1937)

       15 шілде – тарихшы-өлкетанушы, жазушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Павлодар облысының Құрметті азаматы Бикбулат Манняпович Хазыровтың туғанына 100 жыл (1926-2021)

ТАМЫЗ

      17 тамыз –суретші, мүсінші. Қазақстан Суретшілер қауымдастығының мүшесі Марат Шайкенұлы Әбілқасымов 65 жаста (1961)

ҚЫРКҮЙЕК

       26 қыркүйек – облыстық «Қызыл Ту» газетінің «Сарыарқа самалы» болып өзгертілгеніне 35 жыл(1991)

       27 қыркүйек – жазушы, сценарист, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Серік Шәкібаевтың туғанына 100 жыл (1926-1999)

ҚАЗАН

       1 қазан – ағарту ісі және мәдениет қызметкері, кітапхана ісінің ардагері. ҚазКСР Еңбек сіңірген кітапханашысы Муза Николаевна Пахомованың туғанына 105 жыл (1921-2010)

       4 қазан – ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, драматург, кинорежиссер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еуропа әдебиетшілер Конгресінің Басқарма мүшесі, ТМД және Балтық Кинематографистер одағының мүшесі, Қырым әдеби академиясының академигі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов 75 жаста (1951)

ҚАРАША

4      11 қараша – Баянауыл ауданында Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі ашылғанына 20 жыл (2006)

ЖЕЛТОҚСАН

      16 желтоқсан – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан КСРО спорт шебері, еркін күрестен халықаралық және жоғары үлттық санаттағы төреші, Ертіс ауданының Құрметті азаматы Қобланды Әлмұханұлы Шәкіров 80 жаста (1946)

      25 желтоқсан – ғалым-химик, профессор, техника ғылымдарының докторы, ҚазКСР Ғалым мен техниканың Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазКСР ҒА академигі Әбікен Бектұрұлы Бектұровтың туғанына 125 жыл (1901-1995)

КҮНІ МЕН АЙЫ БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ПАВЛОДАР

ОБЛЫСЫНЫҢ АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСКЕ

АЛЫНАТЫН КҮНДЕРІ 

 

      Батыр Жасыбай Өмірұлының туғанына 310 жыл (1716-1741)

     Би Қазанғап Сатыбалдыұлының туғанына 255 жыл (1771-1856)

      Баянауыл ауылының құрылғанына 200 жыл (1826)

    Халық композиторы, жыршы-ақын, әнші Жарылғапберді Жұмабайұлының туғанына 175 жыл (1851-1914)

    Ақын, жырау Бекболат Меркемелиденовтің туғанына 135 жыл (1891-1963)

    Павлодар қаласының қоғамдық қалалық кітапханасы уездік кітапхана мәртебесіне ие болды, бұл күннің кейіннен С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрылу тарихын анықтауға негіз болғанына 130 жыл (1896)

    «Ертіс-Қарағанды» каналының пайдалануға берілгеніне 55 жыл (1971)

    Павлодар облыстық филармониясына Иса Байзаковтың есімі берілгеніне 55 жыл (1971)

 

2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ

ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШІ 

ҚАҢТАР

 

      2 қаңтар – жазушы, драматург, сәтбаевтанушы, қоғам қайраткері, Семей қаласының және Павлодар облысы Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одақтарының мүшесі Медеу Сапаұлы Сәрсекенің туғанына 90 жыл (1936-2024)

      3 қаңтар – композитор, ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қапан Әубәкірұлы Мусиннің тутанына 105 жыл (1921-1970)

      4 қаңтар – батыр Бәйдібек Қарашаұлының туғанына 670 жыл (1356-1442)

    5 қаңтар – ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедхановтің туғанына 110 жыл (1916-2004)

      8 қаңтар –жазушы Ефим Николаевич Пермитиннің туғанына 130 жыл (1896-1971)

      9 қаңтар –Құлмамбет ақынның туғанына 200 жыл (1826-1906)

      10 қаңтар –– ақын, аудармашы Әмина Асқарқызы Шалабаеваның туғанына 110 жыл (1916-1994)

АҚПАН

 

      9 ақпан – акын, жазушы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл (1931-1976)

      28 ақпан – суырыпсалма ақын, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846-1945)

      Ақпан - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісінің басталғанына 190 жыл (1836-1838)

   12 – қазақ актёрі, ҚазКСР Халық әртісі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Нұритдин Мұхамбетқалиұлы Атахановтың туғанына 120 жыл (1905-1974)

НАУРЫЗ

 

      5 наурыз – ғалым, публицист, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл (1866-1937)

СӘУІР

  7 сәуір – қазақ палуаны, цирк әртісі, спорттық күрестен әлем чемпионы атағын алған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл (1871-1948)

      29 сәуір – композитор, музыкатанушы, дирижер, ҚазКСР хальқ әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл (1906-1968)

      30 сәуір – жазушы, сыншы, әдебиеттанушы, аудармашы, мемлекет және қоғам кайраткері, Қазақстанның Еңбек сінірген мәдениет қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Шәріпұлы Оразалы 85 жаста (1941)

МАМЫР

  1 мамыр – жазушы, журналист, аудармашы, ҚР Еңбек сіңірген кайраткері Кәдірбек Сауырұлы Сегізбаев 85 жаста (1941)

      15 мамыр – ақын, драматург, әнші, композитор Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың туғанына 100 жыл (1926-1994)

      18 мамыр – ақын, Қазакстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының көшбасшысы Олжас Омарұлы Сүлейменов 90 жаста (1936)

МАУСЫМ

  5 маусым – акын, жазушы, журналист Есләм Зікібаевтың туғанына 90 жыл (1936-2002)

     16 – жазушы, ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, Абай ауданының Құрметті азаматы Кәмен Оразалиннің туғанына 105 жыл (1920-2008)

      5 маусым –жазушы Сапарғали Ләмбековтің туғанына 90 жыл (1936-2010)

ШІЛДЕ

  14 шілде – жазушы Алексей Иванович Брагиннің туғанына 115 жыл (1911-1991)

      17 шілде – композитор, ҚазКСР халық әртісі Латиф Абдулхайұлы Хамидидің туғанына 120 жыл (1906-1983)

      27 шілде – тұңгыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, әуе генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 80 жаста (1946)

      31 шілде – жазушы, аудармашы, журналист, «Простор» журналының бас редакторы (1963-1974) Иван Петрович Шуховгың туғанына 120 жыл (1906-1977)

ТАМЫЗ

  25 тамыз – акын, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген кайраткері Марфуға Ғалиқызы Айтхожа 90 жаста (1936)

      29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл (1991

ҚЫРКҮЙЕК

  6 қыркүйек – жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы Сәйділ Омарұлы Талжановтың туғанына 120 жыл (1906-1972)

      15 қыркүйек – «Ақиқат» журналының алгашқы саны жарык көргеніне 105 жыл (1921)

ҚАЗАН

  3 қазан – жазушы, аудармашы, сыншы Бақытжан Бауыржанұлы Момышұлының туғанына 85 жыл (1941-2012)

      10 қазан – акын Қасым Рақымжанұы Аманжоловтың туғанына 115 жыл (1911-1955)

      11 қазан – жазушы, драматург, аудармашы, баспагер, қоғамдық-саяси кайраткер Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 80 жаста (1946)

      14 қазан – ақын, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл (1916-1997)

      15 қазан – жазушы, журналист, Қазакстанның Еңбек сінірген қайраткері Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл (1936-2007)

      18 қазан – жазушы Николай Степанович Ровенскийдің туғанына 100 жыл (1926-1995)

      25 қазан – жазушы, балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтың туғанына 95 жыл (1931-1979)

      30 қазан – акын, аудармашы, журналист Николай Ильич Титовтың туғанына 120 жыл (1906-1960)

ҚАРАША

  2 қараша – ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, коғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл (1841-1889)

      4 қараша – акын, публицист Баубек Бұлқышевтың туғанына 110 жыл (1916-1944)

     5 қараша - ақын, әдебиеттанушы, ҚазКСР халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахманқызы Әбдірахманованың туғанына 105 жыл (1921-2003)

      5 қараша – жазушы, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген кайраткері Берік Шахановтың туғанына 85 жыл (1941-2020)

      6 қараша – жазушы Айтбай Хангелдиннің туғанына 120 жыл (1906-1981)

      16 қараша – ҚазКСР халық акыны Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл (1906-1995)

29 қараша –Қазақстанның халық жазушысы Максим Дмитриевич Зверевтің туғанына 130 жыл (1896-1996)

30 қараша – тарихшы-этнограф Құрбанғали Халидидің туғанына 180 жыл (1846-1913)

ЖЕЛТОҚСАН

  16 желтоқсан – Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы қабылданғанына 35 жыл (1991)

      30 желтоқсан –жазушы Николай Иванович Ановтың туғанына 135 жыл (1891-1980)

 

2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КҮНІ МЕН АЙЫ БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ

ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕРІ 

 

Ақын, ғалым Сайф Сараидың туғанына 705 жыл (1321-1391)

Мемлекет қайраткері, колбасшы Темірланның туғанына 690 жыл (1336-1405)

Мемлекет кайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханның туғанына 315 жыл (1711-1781)

Батыр, Кіші жүз старшинасы, Қазакстанның ұлттық батыры, Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігіндегі қазақтардың ұлт-азаттык көтерілісінің жетекшісі (1836-1838) Исатай Тайманұлының туғанына 235 жыл (1791-1838)

Композитор, домбырашы. күйші. Қазакстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл (1861-1955)

Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізі қаланғанына 155 жыл (1871)

Шымкент облыстық тарихи-өлкетану музейінің ашылғанына 105 жыл (1921)

«Ғылым» баспасының негізі қаланғанына 80 жыл (1946)

 

2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ӘДЕБИ

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНДЕРІ

 

ҚАҢТАР

      12 қаңтар – американдық жазушы Джек Лондонның туғанына 150 жыл (1876-1916)

      14 қаңтар – ресейлік жазушы Анатолий Наумович Рыбаковтың туғанына 115 жыл (1911-1999)

      15 қаңтар – ресейлік ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, эссеші Осип Эмильевич Манделынтамның туғанына 135 жыл (1891-1938)

      24 қаңтар – неміс жазушысы, композитор, суретші Эрнст Теодор Амадей Гофманның туғанына 250 жыл (1776-1822)

      27 қаңтар – орыс жазушысы Михаил Евграфович Салтыков-Щедриннің туғанына 200 жыл (1826-1889)

      29 қаңтар – француз жазушысы, қоғам кайраткері Ромен Ролланның туғанына 160 жыл (1866-1944)

 

АҚПАН

      9 ақпан – өзбек ақыны Әлішер Науаидің туғанына 585 жыл (1441-1501)

      13 ақпан – орыс жазушысы Николай Семенович Лесковтың туғанына 195 жыл (1831-1895)

      15 ақпан – татар ақыны Муса Жалилдің туғанына 120 жыл (1906-1944)

      17 ақпан – ресейлік жазушы, балалар ақыны Агния Львовна Бартоның туғанына 120 жыл (1906-1981)

      24 ақпан – неміс жазушысы, филолог Вильгельм Гриммнің туғанына 240 жыл (1786-1859)

      25 ақпан – украин акыны Леся Украинканың туғанына 155 жыл (1871-1913)

 

НАУРЫЗ

      27 наурыз – неміс жазушысы Генрих Манның туғанына 155 жыл (1871-1950)

 

СӘУІР

      6 сәуір – орыс ақыны Иван Захарович Суриковтың туғанына 185 жыл (1841-1880)

      15 сәуір – – орыс ақыны, прозашы, драматург, аудармашы, әдебиет сыншысы, саяхатшы Николай Степанович Гумилевтің туғанына 140 жыл (1886-1921)

      19 сәуір – ресейлік жазушы, сценарист, драматург, журналист, әскери корреспондент, қоғам қайраткері Георгий Мокеевич Марковтың туғанына 115 жыл (1911-1991)

      21 сәуір – ағылшын жазушысы Шарлотта Бронтенің туғанына 210 жыл (1816-1855)

      24 сәуір – орыс жазушысы, сыншы, декабрист, тарихшы, өнертапкыш, суретші Николай Александрович Бестужевтың туғанына 235 жыл (1791-1855)

      26 сәуір – татар ақыны, публицист Габдулла Тукайдың туғанына 140 жыл (1886-1913)

 

МАМЫР

      2 мамыр – тәжік жазушысы Мирзо Тұрсынзаденің туғанына 115 жыл (1911-1977)

      5 мамыр – поляк жазушысы Генрик Сенкевичтің туғанына 180 жыл (1846-1916)

      7 мамыр – үнді жазушысы Рабиндранат Тагордың туғанына 165 жыл (1861-1941)

      15 мамыр – – ресейлік жазушы, драматург, театр режиссері, дәрігер Михаил Афанасьевич Булгаковтың туғанына 135 жыл (1891-1940)

 

МАУСЫМ

      2 маусым – орыс драматургі, прозашы, педагог Константин Андреевич Треневтің туғанына 150 жыл (1876-1945)

      4 маусым – орыс акыны Аполлон Николаевич Майковтың туғанына 205 жыл (1821-1897)

      11 маусым – орыс әдебиет сыншысы Виссарион Григорьевич Белинскийдің туғанына 215 жыл (1811-1848)

      14 маусым – американдық жазушы Гарриет Бичер-Стоудың туғанына 215 жыл (1811-1896)

      19 маусым – орыс ақыны, публицист, прозашы Федор Николаевич Глинканың туғанына 240 жыл (1786-1880)

 

ШІЛДЕ

      17 шілде – ресейлнс жазушы, акын, прозашы, драматург, журналист, әскери корреспондент Борис Андреевич Лавреневтің туғанына 135 жыл (1891-1959)

      18 шілде – ағылшын жазушысы Уильям Мейкпис Теккерейдің туғанына 215 жыл (1811-1864)

      22 шілде – – ресейлік балалар жазушысы, ақын. прозашы, журналист, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Сергей Алексеевич Баруздиннің туғанына 100 жыл (1926-1991)

      26 шілде – ағылшын драматургі Джордж Бернард Шоудың туғанына 170 жыл (1856-1950)

 

ТАМЫЗ

      15 тамыз – ағылшын жазушысы Вальтер Скотттың туғанына 255 жыл (1771-1832)

      27 тамыз - американдык жазушы Теодор Драйзердің туғанына 155 жыл (1871-1945)

 

ҚЫРКҮЙЕК

      3 қыркүйек – ресейлік жазушы, журналист Сергей Донатович Довлатовтың туғанына 85 жыл (1941-1990)

      8 қыркүйек – орыс акыны Александр Михайлович Добролюбовтың туғанына 150 жыл (1876-1945)

      12 қыркүйек – ресейлік жазушы, ақын, прозашы, тарихшы, географ, саяхатшы, архивист, этнограф, журналист Сергей Николаевич Марковтың туғанына 120 жыл (1906-1979)

      21 қыркүйек – ағылшын жазушысы Герберт Джордж Уэллстің туғанына 160 жыл (1866-1946)

 

ҚАЗАН

      1 қазан – орыс жазушысы, ақын, әдебиет және театр сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Тимофеевич Аксаковтың туғанына 235 жыл (1791-1859)

      8 қазан – ресейлік жазушы, публицист, ақын, сценарист, педагог, журналист, РКФСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Юлиан Семенович Семеновтың туғанына 95 жыл (1931-1993)

 

ҚАРАША

      7 қараша – орыс жазушысы, әскери және саяси кайраткер Дмитрий Андреевич Фурмановтың туғанына 135 жыл (1891-1926)

      7 қараша – ресейлік балалар жазушысы, прозашы, акын, Ұлы Отан соғысының катысушысы Андрей Дмитриевич Жариковтың туғанына 105 жыл (1921-2005)

      11 қараша – орыс жазушысы, ойшыл, философ, публицист Федор Михайлович Достоевскийдің туғанына 205 жыл (1821-1881)

      11 қараша – ресейлік балалар жазушысы, мүсінші Евгений Иванович Чарушиннің туғанына 125 жыл (1901-1965)

      20 қараша – ресейлік акын, прозашы, журналист, аудармашы Михаил Александрович Дудиннің туғанына 110 жыл (1916-1993)

      22 қараша – орыс жазушысы, лексикограф, этнограф, фольклор жинаушы, әскери дәрігер Владимир Иванович Дальдің туғанына 225 жыл (1801-1872)

 

ЖЕЛТОҚСАН

      10 желтоқсан – орыс ақыны, прозашы, публицист Николай Алексеевич Некрасовтың туғанына 205 жыл (1821-1878)

      24 желтоқсан – ресейлік жазушы, котам қайраткері, журналист, әскери корреспондент Александр Александрович Фадеевтің туғанына 125 жыл (1901-1956)