Поэмалар

Иса дастандарының ішіндегі ең көркемі «Құралай сұлу», одан соң «Кавказы», «Ақбөпесі» деуге болады. Бұл дастандары дұрыс басталып, дұрыс өрістейді де, дұрыс аяқталады. Бұл дастандарында Иса нағыз эпик ақынша алуан уақиғалардың арасына еркін еніп кетеді де, дастанның желісін адастырмай алып шығады. Ұсақ – түйек жәйттерге көп бөгелмей, кесек уақиғаларды тез ұтып отырады. Соның арқасында өз оқырманын аумақты ( көлемді) уақиғалармен қызықтырып отырады. Қазақтың табиғатын, әдет – ғұрпын, уақиға орнын жақсы білуінің арқасында Иса ақын еркін маневрлер жасап, мол уақиғаларды құбылтып алып кетеді.

Иса халық аузындағы аңыздар бойынша бес дастан берді. Ол дастандарының қай-қайсысын болмасын белгілі идеялық мақсатпен алып жырлаған. Халыққа зәбір көрсетуші хандарға, басқаншыларға, байларға қарсы арпалысып өткен батырларды, ғашықтарды, ақын-әншілерді қадір тұта жырлау арқылы Иса еңбекші халықтың тарихына жақсы бағалар беруді көздейді.

Иса Байзақов бұл поэмасын 1924 жылы Орынбор қаласында оқып жүргенде жазған екен. Сонан соң поэма 1925 жылы «Қызыл Қазақстан» жұрналының №2 санына басылады. Ал 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шыққан.

Иса дастандарының ішіндегі көркемі "Ақбөпесі» деуге болады."Ақбөпе" поэмасы 1945 жылы басылған. Иса Байзақов «Ақбөпе» поэмасында қазақ даласындағы таптық тартыстан туған хикаяны баяндайды. Мұндағы тартыс Қуандық ішіндегі кірме кедей Тәукен, Әмірхандар мен Ақажан, Әбіш, Құдияр секілді феодалдар арасында туды. Халыққа өнерімен жаққан әнші, әрі ер Әмірхан мен Ақбөпе арасындағы махаббатқа феодалдық жауыздық тор құрылады...

Иса Байзақов өмір шындығына «Неге Алатау шаттанды?», «Ұлы құрылыс», «Он бір күн, он бір түн» поэмаларын арнаған. Ақын Исаның «Ұлы құрылыс» атты поэмасында да сүйсінерлік жағдай көп. Мұнда да ақын адам баласының біздің ұлы Отанымызда іске асқан армандарын құмарта жырлады. Бұл поэма 1933 жылы басылып шығарылды.

Страница:

Error