Алтай аясында

Иса халық аузындағы аңыздар бойынша бес дастан берді. Ол дастандарының қай-қайсысын болмасын белгілі идеялық мақсатпен алып жырлаған. Халыққа зәбір көрсетуші хандарға, басқаншыларға, байларға қарсы арпалысып өткен батырларды, ғашықтарды, ақын-әншілерді қадір тұта жырлау арқылы Иса еңбекші халықтың тарихына жақсы бағалар беруді көздейді.  «Құралай мен Келден батыр», «Алтай аясындағы» Балағазы – Еркежен, «Кавказдағы» Бағыда – Зайда, «Ақбөпедегі» Ақбөпе – Әмірхан бейнелерін (образдарын) жасағанда Иса әрдайым оларды халық жағының өкілі етіп, оларға қарсы күштерді хан, бай, би, болыстар жағынан алуы – таптық, халықтық мақсат көздегенін көрісетеді. "Алтай аясында" поэмасы 1934 жылы жарық көрді.

Error