Иса дастандарының ішіндегі ең көркемі «Құралай сұлу», одан соң «Кавказы», «Ақбөпесі» деуге болады. Бұл дастандары дұрыс басталып, дұрыс өрістейді де, дұрыс аяқталады. Бұл дастандарында Иса нағыз эпик ақынша алуан уақиғалардың арасына еркін еніп кетеді де, дастанның желісін адастырмай алып шығады. Ұсақ – түйек жәйттерге көп бөгелмей, кесек уақиғаларды тез ұтып отырады. Соның арқасында өз оқырманын аумақты ( көлемді) уақиғалармен қызықтырып отырады. Қазақтың табиғатын, әдет – ғұрпын, уақиға орнын жақсы білуінің арқасында Иса ақын еркін маневрлер жасап, мол уақиғаларды құбылтып алып кетеді. Уақиғалы поэманы дамытудағы эпикалық шеберлікті «Кавказ» шығармасынан көреміз. 

«Кавказ»  - поэманың тұңғыш рет жарық көруі 1939 жыл («Пионер» журналының 3,4,5-нөмірлерінде). Содан кейін де бірнеше рет  жарыққа шыққан. Баспаға 1983 жылғы екі томдық бойынша ұсынылып отыр.

 

Error