ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

Иса Байзақов қазақ сөз өнеріне өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларымыздың бірі. Әдебиетіміздің тарихын зерттеуші, сыншы ғалымдарымыздың көпшлігі, оны Кеңес кезеңінің көрнекті өкілі деп таныды. Талантты ақынды ауыз әдебиеті дәстүрін ілгері апарушы, жыршы ретінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Хасенов сияқты сыншы ғалымдар естеліктер айтып, мақалалар жазды. Ертіс орталық аудандық кітапханасы жерлесіміз суырып салма ақын, композитор, әнші, актер – Иса Байзақовтың туғанына 115 жыл толуына  байланысты өмірі мен қызметі және шығармалары жайындағы материалдардан құрастырылған "ХХ ғасырды суырып-салма ақыны Иса Байзақов"веб-ресурсын ұсынып отыр. Ақын жайлы веб-ресурс: Иса Байзақовтың өмір жолы, шығармалары, естеліктер , ақынға арнаулар, фотомұрағаттар және библиографиясы  ұсынылған.  Бұл веб-ресурс өлкетанушыларға, кітапханшыларға, студенттерге, ұстаздарға және көпшілік оқырмандарға арналған.

Error