Құралай сұлу

Қазақтың көрнекті ақыны Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» дастаны өткен ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті тарихының олқы тұстарын  толықтырып тұрғаны шындық. Суырыпсалма ақын И. Байзақов қазақ ауыз әдебиетіне  де, жазба әдебиетіне де  сүбелі үлес қосқан. Иса Байзақов бұл поэмасын 1924 жылы Орынбор қаласында оқып жүргенде жазған екен. Сонан соң поэма  1925 жылы «Қызыл Қазақстан» жұрналының №2 санына басылады. Ал 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шыққан.



Error