Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Кітапхана туралы » Кітапхана ісінің ардагерлері

Кітапхана ісінің ардагерлері

Аманжолова Любовь Біләлқызы 9.04.1949 жылы Ертіс ауылында туған. Абай атындағы Семей кітапханалық техникумын (1978ж), Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының кітапхана факультетін бітірген (1992 ж). 1972-1979 жж. қалалық №2 кітапхананың кітапханашысы, 1979-1982 жж. АОК-ның аға редакторы, 1982-1987 жж. әдістеме бөлімінің аға әдіскері, 1987-2002жж. Әдістеме бөлімінің бас кітапханашысы, 2002-2006 жж. Балалар кітапханасының меңгерушісі,2006-2008 жж. Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. Аудан кітапханаларының өркендеп дамуына үлес қосқан. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан. Көп жылдар бойы кітапхана кәсіподақ комитетінің төрайымы болған. Аудандық кітапхананың оқырмандарымен «Кәусар» клубын ұйымдастырып, жүргізген. Облыс кәсіподағының, аудандық мәдениет басқармасының, аудан әкімінің  грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Григоренко Любовь Степановна 4.04.1947 жылы Павлодар облысы Железинка ауданы Пятерыжск ауылында туған. Павлодарда 1жылдық кітапханашылар курсын,1974 жылы Семейдің Абай атындағы кітапхана техникумын бітірген.1964-1966 жылдары аудандық білім бөлімінде, бала бақшада тәрбиеші болып істеді. 1966-1967 жылдары «Иртыш» газетінде корректор мамандығы , 1967-1968 жылдары Голубовка ауылында, Ертіс аудандық кітапханада кітапханашы болып істеген. 1969 жылы Павлодар трактор заводында істеген. 1971-1976 жылдары аудандық кітапханада кітапханашы. 1976-1978 жылдары Ертіс СПТУ-39-да. 1978-1983 жылдары аудандық кітапханада библиограф, 1983-1987 жылдары әскери бөлімде (Семейде) әскери қызметтен өтті. 1987-1998 жылдары аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінде меңгеруші болып істеді. 1998-2005 жылдары зейнеткерлікке шыққанша балалар кітапханасында аға кітапханашы болып істеді.Мәдени-көпшілік жұмыстарды өткізуде үлкен шеберлік танытып,оқырмандар арасында беделді де құрметті болды. Кітапханада бірнеше жыл бойы саз мектебімен тығыз байланыста болып, ақындардың, композиторлардың, суретшілер өмірлеріне арналған «өнер салоны» жұмысын өткізуге көп үлесін қосты.

Швецова Валентина Семеновна 15.08.1952 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылында туған.      1970 жылы Ертіс №3 мектебін бітірген. Сол жылы тігін фабрикасына тігінші болып орналасты. 1974 жылы Семейдің Абай атындағы кітапхана техникумын сырттай бітірген. 1971 жылы №2 қалалық кітапханаға жұмысқа орналасқан. 1972 жылы Балалар кітапханасының оқу залының меңгерушісі болып ауысттырылған. 1972 - 2012 жылдар аралығында АОК -ның Балалар кітапханасында әдіскер, аға кітапханашы, библиограф болып қызмет істеген. Еңбек ардагері. Еңбек жолын балалар кітапханасында балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапты сүйіп оқуға, балаларға арналған кітаптарды насихаттап, әртүрлі шаралар өткізіп, тәжірибесі мол, балалардың ақылшысы, сырласы бола білген, білікті маман иесі. Көп жылғы еңбегі бағаланған. Мәдени-көпшілік жұмыстарды өткізуде үлкен шеберлік танытып,оқырмандар арасында беделді де құрметті болды. Кітапханада бірнеше жыл бойы саз мектебімен тығыз байланыста болып, ақындардың, композиторлардың, суретшілер өмірлеріне арналған «өнер салоны» жұмысын өткізуге көп үлесін қосты.

Тайбасова Галина Степановна  Жамбыл облысының Мерке ауылында туған. 1958 жылы  Жамбыл  мәдениағарту училищесін тамамдағаннан кейін Павлодар облысының Ертіс ауданына жолдама арқылы келген.  Корниловка ауылында кітапханашы болып істей бастайды. 1966 жылы  Ертіс ауданының Абай  атындағы совхозына  отбасымен қоныс аударады. 1980 жылға дейін осы кітапханада ауыл кітапханасының меңгерушісі  болып қызмет атқарады.  Бұдан кейін   ауылдың селолық кеңесінің төрайымы, балабақша меңгерушісі қызметтерін атқарған.1970 жылы  еңбектегі жетістігі үшін  В.И.Лениннің 100 жылдығына мерейтой медалімен марапатталған. Сонымен қатар  Мәдениет басқармасының облыстық және аудандық грамоталарымен марапатталған. Кітапханада  қызмет атқарған кездері  «Кітапхананың үздік жұмысы» атағы берілген. Ол жұмысын кітапхана кітаптараның мұражайын ұйымдастыруымен  бастаған. Қорда  алғашқы тың игерушілер сыйға тартқан кітаптар, Павлодар өңірінің  ақын-жазушылар  қолтаңбасы  бар,сонымен қатар 30-40 жылдары басылып шыққан кітаптар бар. Көптеген оқырмандар көркем фильмдер түсірілген жазушылардың шығармалары бойынша  оқырман конференциясын  өткізгенін еске алып отырады. Талқылау фильмді көру арқылы  жүргізілетін. Мысалға, Н.Островскийдің «От алауында шыныққан шымыр болат»  кітабы бойынша  фильмді көру арқылы  «Менің үйім - табиғат» оқырман конференциясы. Осындай шараларда оқырман залында бас сұғар жер болмайтын. Оның жұмыс істеу бағытының  түйіні кітапхана интерьерін  құру еді. Оқырмандардың  кітапханада өздерін  жақсы сезінуіне  көп мән беретін.

Майор Галина Дмириевна 1957жылы  Симферополь қаласының Крым мәдениағарту училищесін тамамдап, Ертіске келеді. Аудандық МҮ көрмедік басшысы, содан соң МҮ директоры қызметін атқарады. 1961 жылы  аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы қызметін атқарады. 1969 жылы  кітапхана институтын тамамдап, балалар кітапханасын басқарады. 1969-1986 жылдары  балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін басқарады. Кітапханада поэзияны сүйюшілер клубы жұмыс істейтін. Оқырмандар өлең оқып, ақындардың поэзиясы туралы  пікір таласатын. 1986-1992 жылдары  аудандық кітапхана директоры.

Сланбекова Жумаш Каиргелдіқызы 1954 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданы Кайманачиха селосында дүниеге келді. 1961 жылы мектеп табылдырығын аттап, 1971 жылы мектепті бітірді. 1969 жылы  жанұялары  Ертіс ауылына көшіп келді. Мектеп бітіргеннен кейін комбинатта тігінші болып еңбек етті, ал 1972 жылдан бастап № 1 қалалық кітапханада кітапханашы болып орналасты. 1975 жылы Семейдің кітапхана техникумына түсіп, оны 1977 жылы бітірді. 1985 – 1987 жылдар аралығында толықтыру бөлімінде істеп, 1987 жылы балалар кітапханасына ауысты. 1992 жылдан 1994 жылға дейін директордын орынбасары балалармен жұмыс істейтін. 1994 жылы балалар кітапханасында кітапханашы болып істеді. 1998 жылы жұмыс қажеттілігінен орталық аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Кітапхана жүйесінде жұмыс істеген кездерде бірнеше рет грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталып, ақшалы силықтар алды. 2001 жылы «Жылдық ең жақсы кітапханашысы» атағына ие болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты аудан әкімінің грамотасымен және ақшалай сыйлық алды. Қазір аудандық орталық кітапхананың әдіскер бөлімінің меңгерушісі болып істейді.

Градиль Надежда Васильевна 1956 жылы 2 сәуірде Павлодар облысы, Ертіс ауданы Суворов совхозында туылған. 1963 жылы 1 сыныпқа барып, 1973 жылы бітірген. 1974 жылы Омбы қаласындағы облыстық кітапхана техникумына түсіп, 1976 жылы кітапхана ісі мамандығын бітіріп шығады. Оқуды бітірген соң Омбы қаласындағы Тевризский ауданы Екатерининский ауылдық кітапханасында жұмыс істейді. 1977 жылы 6 шілдеде өз еркімен жұмыстан босатылып, 25 шілдеде Амангелды орта мектебіне кітапханашы қызметіне орналасады. 1978 жылы 28 қыркүйекте Суворов орта мектебіне кітапханашы қызметіне аустырылады. 1979 жылы 2 қаңтарда жұмыстан босатылып, 18 қаңтарда Ертіс ОКЖ не автокітапхана меңгерушісі қызметіне  қабылданады. 1979 жылы 20 ақпанда стационардан тыс қызмет көрсету аға кітапханашы қызметіне ауыстырылады. 1979 жылы 15 шілдеде Ертіс ОКЖ редакторы қызметіне ауыстырылды. 1981 жылы балалар кітапханасының аға кітапханашысы. 1985 жылы толықтыру бөлімінің аға кітапханашысы. 1992 жылы 15 шілдеде балалар кітапханасының кітапханашысы. 1996 жылы балалар кітапханасының кітапханашысы. 1998 жылы ОАК қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы. 2005 жылдың 11 қарашасынан бастап толықтыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. 

Дымова Тамара Владимировна 1958 жылы туған, болгар. Жоғарғы білім. Шымкент мәдениет институты, мамандығы - кітапханашы-библиограф. Жұмыс орны Ертіс орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры. Жұмыс өтілі 39 жыл. Ол Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Беловодский ауылында, 1907 жылы Столыпин реформасы арқылы Бессарабиядан Қазақстанға көшіп, болгар қоныс аударушыларының отбасында дүниеге келді, Краснокутский (қазіргі Ақтоғай) ауданы Разумовка, Болгар поселкесінің негізін қалады. «Ол қай жерде дүниеге келген болса, солай болды» - осы сөздер Тамара Владимировна Дымованың өмірін толық бейнелейді. Орта мектепті бітіргеннен кейін Омбы кітапханалық колледжіне түседі, оны бітіргеннен кейін үйге оралып, кітапханада 39 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Үздіксіз университетті үздік бітірді. 20 жылдан астам уақыт ауданның кітапхана жүйесінің басшысы болып жұмыс істеді. Ұйымдастырушылық қабілеті мен таптырмас жігерінің арқасында Ертіс кітапханалық жүйесі облыстың ауылдық жерлерінің ішіндегі ең үздіктерінің бірі болып табылады. Аудандық қоғамдық кеңестің, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі болды; ол жерде болгарлық ЭКО құрды.

1996 жылдан бастап Ертіс болгарлары Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен өткен барлық фестивальдерге қатысады. Олар облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады: олар Әулие Джордж таспасын шығарды: Мен есімде, мен мақтанамын! Бұл аймақтағы «Есімге салу, мәңгі жаса!», «Еске алу экспедициясы» атты өлмес полктың аналогы. Славян мәдениеті мен жазу күндері дәстүрге айналды. Барлық облыстық іс-шаралар мен мерекелерге белсенді қатысыңыз. Достық аллеясында біз өз қаражатымызбен көркем болгарлық «бұрышты» құрдық, онда сіз демалып, кездесу өткізе аласыз. Олар «Баба Марта», «Рождество» және басқа да мерекелерімен Ертіс халқын таныстырады. Тамара Владимировна көптеген жылдар бойы болгар әдебиетін белсенді түрде насихаттап келеді: болгар тіліндегі классиктер мен замандастарын, орыс және қазақ тілдеріне аудармалар жасайды, болгар фольклорын: мақал-мәтелдер, мақалалар, бұйрықтар, пәленшелер, Болгария тарихына арналған кітаптарды кітап көрмелері, әдебиетті оқу арқылы ұсынады. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталған.