Кішкентай оқырман қауым қазақ балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаев шығармаларымен мектеп табалдырығын аттаған бетте-ақ ұшырасады. Олар ақын шығармаларын оқи жүріп жетіледі. Мұзағаңның өлеңдері, әндері, ойындар, аңыздар, жұмбақтары мен жаңылтпаштары бірте-бірте олардың сьтрлас серігіне айналады. Бұл кітапқа ақынның балаларға арналған таңдаулы туындылары іріктеліп алынды.