Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Өлкетану » Біздің мақтаныштарымыз » Ауылымыздың танымалы адамдары

Ауылымыздың танымалы адамдары

Жаңбырбай Адамов 1945 жылы Краснокутск ауданының Рассвет ауылында дүниеге келген (қазіргі Ақтоғай ауданы, Барлыбай ауылы). Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген 1968-1973). Кескіндеме, сызба, сәндік-қолөнермен айналысады. 1976 жылдан бастап Ертіс ауданының суретші-безендірушісі. Ертіс ауданында тұрып, сонда қызмет етеді.
Ж.Адамовтың шығармашылық еңбектері «Сібір өзендері» жобасы шеңберіндегі Сібір және Қазақстанның қатысуымен өткен аймақаралық ғылыми-тәжібиелік конференциясындағы («Сібір өзендері мен олардың табиғи және мәдени ландшафттағы динамикасы», Омбы 2005) көрмесіне қатысты. Суретшінің дербес көрмелері Ертіс ауылында (2005, 2008), Бұхар Жырау музейінде (Павлодар, 2005), Павлодар облыстық көркемсурет музейінде көрсетілді (2013).
«Астанаға 10 жыл»(2010), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» (2013) медалдарымен және Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.
Жанбырбай Адамов шығармаларында ауыл халқына адал еңбек еткен жандар, сонымен бірге суретші туып-өскен, осы уақытқа дейін қызмет етіп келе жатқан өлкесінің табиғат сұлулығы бейнеленген.

Әутәліпов Қабікен (1922-1988) Ертіс ауданының Северный ауылдық Кеңесі Победа ауылында туды. 1946 - 58 жылдары М. Горький атындағы орта мектепте мұғалім, директор болды. Семей пединститутының тарих факультетінде сырттай оқыды. Ертіс қазақ орта мектебінде 1958 - 1962 жылдары оқу ісінің меңгерушісі, 1962-84 жылдары директор қызметін атқарды. Ленин орденімен марапатталды. Қаз.ССР халық ағарту үздігі. Ертіс ауданының Қүрметті азаматы атағы 26.07.2001 жылы II сайланған аудандық мәслихаттың XII сессиясының 33-12-2 шешімімен (өлгеннен соң) берілді.

Дымов Олег Григорьевич. 1946 жылы 4 желтоқсанда Павлодар облысы, Краснокутск ауылында туған. Ұлты болгар, білімі жоғары, саясаттанушы, заңгер. 30 жылдан астам Ертіс ауылында партияда қызмет етті. Қазақстан тарихында 1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған алғаш болгар болды, ал 2008 жылдан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болды. 1995 жылы құрылған Қазақстанның Болгар мәдени орталығының төрағасы, 13 жыл Хатшылықтың мүшесі, 15 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құрамында, сот және құқықтық реформалар Комитетінің мүшесі болып келеді. 1985 жылдан бастап публицистика және поэзиямен айналысады.  «Ассамблея народов Казахстана» (1997 ж.), «Тепло Казахстанской земли» (1999 ж.), 2006 жылы София қаласында болгар тіліне аударылған «Мы, народ Казахстана ...» (2004 ж.) кітаптарының авторы. «Депортированные в Казахстан народы» (1998 ж.), «Народы Казахстана» энциклопедиялық анықтамалық (2004 г.), «Ассамблея народов Казахстана» (2004 г.) кітаптарының серіктес авторы.  2005 жылы  О. Г Дымовқа саясаттану саласында сіңірген еңбегі үшін Халықаралық ақпараттандыру  академиясының академигі атағы берілді. 1985 жылдан бастап өлең шығарып, мерзімді баспаға жариялай бастады.   2002 жылы  «Струны сердца моего» атты  алғашқы өлеңдер жинағы, 2005 жылы «Симфония души» екінші жинағы, «Земля, ставшая Родиной» 2010 ж. басылып шықты. ҚР Парламенті ақын-депутаттарының «Казахстан в моем сердце» өлең жинағының құрастырушысы және серіктес авторы. 

Қабдылғалым Насырұлы Қаржасов 1954 жылы 11 қаңтарда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылының И. Байзақов атындағы кеңшарында туған. Әкесі - Қаржасов Насыр (1918-2001), тракторшы болған. Анасы - Қаржасова Бекзия (1922 ж. т.), зейнеткер, үй шаруасымен айналысқан. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің безендіру бөлімшесін бітірген (1980), суретші-безендіруші. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі (2007 жылдан). Еңбектері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Павлодар, Семей, Атырау және Қарағанды көркемсурет мұражайларының қорларында, Алматы қаласындағы жеке галереялардың коллекцияларында, Қазақстан, Франция, Германия, Канаданың жеке коллекцияларында сақталуда. Туындылары Нью-Йоркте (2008), Амстердам, Варшава, Вроцлава, Берлин, Штутгарт пен Мюнхеннің мұражайларында (2008-2009), Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында (2009), «ОЮ» галереясында (Алматы, 2009), Мәдениет пен келісім сарайында (2010) көрмелерге қойылған. Санкт-Петербург қаласында жеке көрмесін өткізген (2008, мамыр-маусым). 1975-1976 жылдары - Павлодар қаласы Автоматтандыру мен механикаландыру конструкторлық-технологиялық жобалау институтының және құрылыстық металл конструкциялары зауытының суретші-безендірушісі. 1980 жылдан бері - Павлодар көркемсурет-өндірістік шеберханасының суретшісі. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1988 жылдан). «Құрмет» орденімен марапатталған (2001). «Қазақстан-2000» шеберлік сабағы» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты. ҚР Президентінің стипендиаты (1997). ='font-size:14.0pt;line-height:115%;font-family:"Times New Roman","serif"; mso-ansi-language:KZ'> 2005 жылы  О. Г Дымовқа саясаттану саласында сіңірген еңбегі үшін Халықаралық ақпараттандыру  академиясының академигі атағы берілді.1985 жылдан бастап өлең шығарып, мерзімді баспаға жариялай бастады.   2002 жылы  «Струны сердца моего» атты  алғашқы өлеңдер жинағы, 2005 жылы «Симфония души» екінші жинағы, «Земля, ставшая Родиной» 2010 ж. басылып шықты. ҚР Парламенті ақын-депутаттарының «Казахстан в моем сердце» өлең жинағының құрастырушысы және серіктес авторы. 

Көпбергенов Нұрлан (1962)  -Гір көтеруден әлем чемпионы. 1985 ж. Павлодар мемлекеттік пединститутын бітірген. 1985 – 1988 ж.ж. Ертіс ауданы Амангелді атындағы орта мектепте сабақ берді. 1989 – 1993 ж.ж. Ертіс ауданы орталығындағы Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде жаттықтырушы,  аудандық «Кайрат» спорт қоғамының төрағасы, № 2 орта мектебінің оқытушысы қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде Кедендік бақылау комитетінде қызмет атқарып жүр.

Аманкелді Құсайынұлы Құсайынов 1942 жылы 29 желтоқсанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туды. Тарихшы, тарих ғылымының доктыры (1991жыл), профессор (1991 жыл) Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы жоғарғы мектебінің үздігі (1980 жыл). 1969 жылы КАЗ МУ тәмамдаған. Еңбек жолын 1960 жылы Үлгілі жеті жылдық мектебінде ұстаздық етуден бастады. 1963-1966 жылдары Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын атқарды. 1969 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтының оқутышы. 1970 жылдан бастап Алматы партия органдарында қызмет атқарды. Ал 1973-1976 жылдары ҚАЗ МУ аспирант, 1976-1980 жылдары оқутышы, аға оқутышы, кафедра доценті, 1980-1987 жылдары проректордың орынбасары, ҚАЗ МУ проректоры. 1987-1992 жылдары ғылыми қызметкер, доцент. 1992 жылы Ақмола пединституты (қазіргі Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректоры). Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары- Қазақстан тарихының проблемалары. Ол 40-тан астам ғылыми еңбектердің, олардың санында 3 монографияның авторы. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордені мен медальдарымен наградталған. Жақын туыстарынан туған апасы Шәріпова Ағайша Құсайынқызы бар. 5 бала өсіріп тәрбиелеген. Екі дүркін әже аталған жан. Қазіргі кезеңде зейнеткер.

Лама Шариф Қайрат Қаиырбекұлы. Ертіс ауылында туған. 1981 жылы ҚазМУ-ң филология факультеті, араб тілі бөліміне түседі.             1984-1985 жылдары ол араб тілін Йордан университетінде жалғастырады. 1986-1989 жылдары Йеменде аудармашы қызметін атқарды. 1990-1991 ж.  «Рауан» баспасында шет тілдері редакциясының редакторы қызметін атқарды. 1991-1993 жылдары Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң шығыстану  факультетінде араб тілінен сабақ берді. 90-шы жылдардың басында қазақстандық делегацияның құрамында аудармашы ретінде  Кайрат Лама Шариф Ливия мен Сауд Арабиясында өткен конференцияға, Мароккода өткен мәдениет күндеріне қатысқан. 1991 жылы КазМУ-де Палестинаның президенті студенттер мен ұстаздар алдында сөз сөйлегенде біздің жерлесіміз аударып тұрды. 1993 жылы ол дипломатиялық жұмысқа ауысып, ҚР шеттілдері Министрлігінің үшінші хатшысы қызметіне қабылданды. 14 жыл бойы ол Шығыс елдерінде және Африкада қарым-қатынасты реттеу арқылы дипломатияны меңгерді. 2004 жылы елшілерді дайындау Академиясы курсын бітірген соң жерлесіміз ҚР Президенті Аппараты тұсында  сыртқы саясат Орталығының бас инспекторы қызметіне қабылданды.  Екі жыл бойы елбасы Н.Назарбаевтың араб елдерінің басшыларымен кездесуінде аудармашы болды.  2006 жылдың басында Қайрат Қаирбекұлы басты консул ретінде Дубайға сапар шекті, ал тамыз айында Президент Қаулысымен Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.  Сонымен қатар  2007 жылдан бастап  Кувейт Республикасында елші қызметін атқарады. Ислам Конференциясы Халықаралық ұйымында Қазақстанның өкілі болып табылады.

Макауов Марқа Жанайұлы - (1923-2005 ж.ж.) - 1923 жылдың 7 қарашасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Ұлы Отан соғысында лайықты көрсеткен еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз», «Ерең ерлігі үшін» «II және III дәрежелі Даңк» және «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталған, Еңбек ардагері, «Ертіс ауданының кұрметті азаматы» атағын, Ертіс аудандык маслихаттың 2003 жылғы 26 карашадағы (III сайланған) III сессиясының № 11-3-3 шешімімен берілді.

Раздорская Зинаида Николаевна (21.05.1941, ,  Қостанай облысы,   Койбагар совхозында туған.  Дәрігер - хирург, 1996 ж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 1985 ж. КСРО-ң  денсаулық сақтау министрлігінің үздік қызметкері, 2001 ж. Ертіс ауданының құрметті азаматы. 1969 ж. Семей медициналық институтын бітірген. 1959 -63 жылдары аралығында Павлодар қаласында бала-бақшада тәрбиеші және медбике, Ленинский ауылында учаскелік емханада қызмет етті. Аудандық ауруханада хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Зинаида Николаевна Раздорская жолдама бойынша ауданға хирург қызметіне орналасты. Ертіс ауруханасында жұмыс істей келе, 39 жылдың ішінде ол дәрігер-ординатордан бастап хирургия бөлімінің меңгерушісі, қарапайым хирургтан жоғарғы дәрежедегі кәсіби, травмотология, акушерлік-гинекологиялық, урология, орталық жүйке жүйесі және т.б мамандықтарды меңгерген. З.Н.Раздорская акушер және хирург дәрігерлерінің тәлімгері. Оның аты облыстық қоғамда танымал, Ертіс ауданының мақтанышы. Зинаида Николаевна көптеген үкімет марапаттары мен мақтауларына ие. Ол  «КСРО денсаулық сақтау министрлігінің үздік қызметкері» белгісімен,  Н.И.Пироговтың «За гуманную деятельность» медалімен,  «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.  1996 жылы Зинаиде Николаевнаға «Қазақстанға енбек сіңірген қызметкер» атағы берілді. З.Н.Раздорская облыста бұл атақ берілген алғаш әйел дәрігер, 2005 жылы ол «Қазақстанның құрметті азаматтары» кітабына енгізілген.

 “Сибирь Халықаралық марафоны” мақаласынан

«….Ресейдің Омск қаласында  7 тамызда  кезекті 21-ші Сибирь Халықаралық марафоны өтті. Марафонға дүние жүзі бойынша 14700 желаяқ спортшылар қатысты.  Оған Ертіс ауданынан танымал спортшылар, әкесі мен баласы  Серік және Ермек Секербаевтар қатысты. Оларға мұндай жарыстарға қатысу үйреншікті жай, сондықтан олар мұнда да жақсы көрсеткіштер көрсетті. Секербаевтар жүгіруде әлем бойынша жүз үздік марафондықтар қатарына еніп, медальдар мен куәліктерге ие болды. Серік пен Ермек  1989 жылы алғашқы жүгіруге қатысып, содан бері жыл сайынғы жарыстарға қатысады. Секербаевтар әулетінің ең кіші мүшесі- 7 жасар Айбек те оларға қосылды. Ол үлкендермен бірге 6 км дистанцияға жүгірді…»

Жаманбалинов Т. Сибирь Халықаралық Марафоны / Т. Жаманбалинов // Иртыш. –  2010. - 14 тамыз. –  2 бет.

Темирбаев Дуйсембі  Жүсіпұлы 12.01.1938 ж.  Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ақбетей ауылында туған. 1955 жылы №1 Ертіс орта мектебін бітірген. Сол жылы Мәскеу физика-механикалық институттың аэродинамикалық факультетіне емтихан тапсырып, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне ауысып кетеді. 1961 жылы «Жалпы физика» кафедрасында аэродинамика және жылу алмасу саласын меңгеріп, «Физика және физика пәнінің мұғалімі» мамандығын алып шығады. Жас маман ретінде жолдама арқылы  Л.А.Вулистің лабороториясына  жіберіледі. 1968 жылы 16 мамырда «Жылу техникасының теориялық негіздері» бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1969 жылдың 3 наурызында В.И.Ленин атындағы Қаз ПТИ-да конкурстан өтіп, аға оқытушы болып, желтоқсаннан бастап «Жылу энергетикасын құру және жалпы жылу техникасы» кафедрасының доценты қызметін атқарады. 1971 жылы 28 шілдеде доцент атағы бекітіліп, 1982 жылы 2 ақпаннан бастап Алматы энергетика және байланыс институтында «Жалпы жылу техникасы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.  ҚР тәуелсіздік алғанға дейін КСРО Жылу техника Президиумының мүшесі болды.  1990 жылы  «Жалпы жылу техникасы» кафедрасында жылу техникасы бойынша Жалпы одақтық ғылыми-педагогикалық конференциясын өткізді.  1992 жылы 22 ақпанда КСРО-ң жоғары білім беру саласында атқарған қызметі үшін «Жемісті еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 1994 жылы 25 қаңтарда энергетика саласында профессор атағына ие болды, ал 1996 жылы 13 мамырда аль-Фараби атындағы ҚазГНУ-де докторлық ғылыми кеңесте «Сұйықтық, газ және плазма механикасы» тақырыбында техникалық ғылымдар докторы дәрежесі бойынша диссертация қорғады. 2000 жылдың 3 маусымында Америкалық библиографиялық институттың шешімімен «2000 жыл адамы» атағы берлді. 2000 жылдың 8 маусымынан бастап Жылу энергетика кафедрасының профессоры, ҚРЖАК және инновациялық қордың сарапшысы.

Чайкина Жанат Аңсабайқызы 1954 жылы 14 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданында дүниеге келді. 1961-71 ж.ж. 3 мектеп гимназиясын бітірді. 1971-75 жылдары Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлық бөлімін бітірді. 1975 жылы Талдықорғандағы облыстық қазақ драма театрына қызметке келіп, театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. 1978 жылы Алматыда өткен Республикалық жастар шығармашылығы байқауында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 1991 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды. 1996 жылы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрына қызметке ауысты. 1998 жылы Тараз қаласында өткен 4 Республикалық театрлар фестивалінде «Үздік әйел ролі» номинациясын «Күзеуде» спектакліндегі Торғын образымен иеленді. 2000 жылы Павлодарда өткен 8 республикалық театрлар фестивалінде «шығармашылық ізденістер үшін» номинациясын иеленді./Шекспир. Сонеттер/ 2004 жылы Қостанайда өткен 12 театрлар фестивалінде «Үздік әйел ролі» номинациясын иеленді /Медея/ 2008 жылы Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрына ауысты. Ойнаған рөлдері: Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-Баян, «Ақан сері-Ақтоқты»-Ақтоқты, М.Әуезов «Қаракөз»-Қаракөз, «Еңлік-Кебек»- Еңлік, «Хан Кене»- Қарашаш, К.Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші»-Беатриче, У.Шекспир «Асауға тұсау»- Катарина, «Сонеттер»-Ақын, «Король Лир»- Корделия, Шут, А.Чехов «Ваня ағай»-Соня, «Шағала»- Заречная, Ф.Шиллер «Мария Стюарт»-Мария Стюарт, Еврипид «Медея»-Медея, А.Цагарели «Ханума»-Ханума, Ш.Айтматов «Ана Жер Ана»- Жер Ана және т.б Фильмдері: 1984 ж. «Өтелмеген парыз»-Алимаш, 1991 ж. «Қызғыш құс»-Роза.