Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Өлкетану » Біздің мақтаныштарымыз » Кеңес Одағының батырлары

Кеңес Одағының батырлары

Серікбай Мүткенов бейбітшілік жылдары Октябрь сегізжылдық мектебінде жұмыс істеген. ...Ол артиллериялық зеңбіректі басқарып, Днепрдің жағалауында болған бір қызу соғыста ерлік көрсетті. Ол жаудың танкі шабуылдаған кезде зеңбіректі жоғарыға домалатып шығарып неміс танкін тура нысаналап атады. Содан кейін зеңбірегінің отымен 40-қа жуық немісті жойды. Немістер сасып қалды. Өзінің ержүректілігімен С.Муткенов батальонның алға жылжуын қамтамасыз етип, қойылған міндетті орындады. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Иван Васильевич Кутурга 1924 жылы 4 мамырда Корниловка совхозында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1930 жылдары отбасымен «Суворовский» совхозына кошип кетеді. ...Ол барлаушы, артиллерияшы қызметін атқарып, 4 рет жарақаттанған. 1944 жылы тамызда «За боевые заслуги» медалімен, қазан айында «За отвагу» медалімен, 1945 жылы ақпан айында III-ші дәрежедегі Атақ Орденімен, наурыз айында I-ші дәрежедегі Отан Соғысы Орденімен марапатталған. 1945 жылы 19 сәуірде Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Кенинсбергке шабуыл жасау кезінде ерлік көрсеткені үшін қаруды нысаналаушы, 682-ші Суворова дивизиясының кіші сержантына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Алексей Федорович Горобец 1922 жылы Ертіс ауданы Корниловка совхозында туған. Сегіз жылдан кейін отбасымен Одесса облысы Ширяев ауданы Александровка совхозына қоныс аударған. 1941 жылы 18 мамырда әскерге шақырылып, 15 маусымда әскери ант қабылдады. Ол радист болып қызмет етті. 1942 жылы Оңтүстік-батыс майданында соғысқа араласты. Содан кейін 149-шы атқыштар бригадасының (92-ші гвардиялық дивизиясы) құрамында болып, Сталинград және Курск шайқасына қатысты. «За отвагу» және «За оборону Сталинграда» медальдарымен марапатталды. ...Рацияны қабылдаған Алексей Горобец пен Григорий Глазунов  дивизиясының алдыңғы отряды понтонмен Днепр арқылы өтіп, 25 қыркүйекте Калеберд совхозының оң жағалауына жетеді. Ол жерде жаудың ракеталары, артиллериясы коринди. ...Соңғы қадамын басқанша қанша уақыт өткені оның есінде жоқ. Суды кешіп өткенше әлсіреп, күші қалған жоқ. Жағалауға жетіп, демалып алды. Жанына Г.Глазунов та жақындады. Жан-жағын бақылады, жау танкінің жақын маңайда жүргенін көрді. Радисттер рацияны қосып, «Василек» эфирге шықты. Артиллерияшылар от жаудырды. 1943жылы 20 қарашада А.Ф.Горобецке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Үш айдан соң ержүрек радист әскери байланыс училищесіне жіберіліп, оны бітірген соң өмірінің соңына дейін (1961 ж. 16 шілдесі күні қайтыс болды) Кеңе Әскерінде қызмет етті.

Иван Андреевич Скляров. Атақты ұшқыш, жерлесіміздің атын №2 Ертіс орта мектептің қызыл ізшілері кездейсоқ П.Беланның «Казахстанцы-кавалеры Золотой Звезды» кітабы арқылы 1983 жылы таныды. Көп ұзамай Краснодардан көптен күткен хат келді. ...«Құрметті №2 Ертіс орта мектебінің қызыл ізшілер, мен сіздердің сұрақтарыңызға нақты жауап беруге тырысамын.

Жауынгерлік марапаттарды не үшін алғаным туралы. Қызыл Ту Орденімен Львовты, Киевті және Украинаның оң жағалауын қорғағаным үшін, Кеңес Одағының Батыры атағымен  Москваны қорғағаным үшін, Қызыл Ту Орденімен Донбассты менің туған жерімді азат еткен үшін, I дәрежелі Отан Соғысы Орденімен Белоруссияны азат еткен үшін, екі Қызыл Жұлдыз Орденімен жаңа техниканы меңгеріп, жаңа жауынгерлік қаруды қолданғаным үшін марапатталдым». Иван Андреевич Ертіс ауданы Грабово совхозында туған. Скляровтар әулеті Украинаның Донецк облысына қоныс аударғанда, ол небары бес жаста еді.  Тоғыз жылдық мектепті бітірген соң шахтада жұмыс істеп, содан кейін Пролетариат Донбасс атындағы Ворошилов әскери авиациялық училищені бітірген. Ұшқыш  И.Скляров 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 7-де бірінші рет жауынгерлік шабуылға шығып, фашисттердің танкісін жойған.

Москваны қорғау кезінде жерлесіміз ерлік көрсетіп, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ізшілерге жазған хатында Иван Андреевич : « 1941 жылы қазанда мен тәжірибелі түнгі ұшқыштармен бірге (орталық) батыс майданға аттандым. Менің «СБ» майданды бомбалаушы экипажыма штурман лейтенант Кравченкомен және атқыш-радист старшина Майзульспен бірге міндетіміз: Орел-Брянск темір жолының аумағын бақылау болды. 2-ші қарашадан 3-ші қарашаға қараған түні Орел станциясына ұшып бардым.

Көздеген аймақтың ауа райы қолайлы болды. Станцияның төбесінде «Эрликон» пулеметі мен пушкасынан атқыладым. Станцияның төбесінен бұрылып, қозғалтқышты ақырын басып, жоспар құрдым. Гитлерліктер станцияны неліктен мұқият бақылағандары түсінікті болды, жол үстінде сапарға дайын тұрған эшелондар тұр екен. Штурман бомба тастады, ал мен мотрды іске қостым. Станция үш тәулік бойы жалынмен жанып тұрды. Аэродромда біздің тік ұшақтың түрі қорқынышты, оқ жаудырылғаны көрініп тұрды. Барлаушылардың мәліметі бойынша Орел станциясында үш эшелон түгелдей және бір эшелон қару-жарақтармен бірге жанып кеткен. Ол эшелондар Гудериан танкті әскеріне арналған болатын. Ол оңтүстіктен Москваға жол жүру керек болған. Фашисстер танкісіне жанармай мен қару-жарақ уақытында жеткізілмегендіктен, шабуылға шыға алмады». Осы ерлігі үшін Батыс майданын басқаратын әскер генералы Жуков экипажға жоғары Отан марапатына ұсынуды бұйырды. Әуе экипажының ерлігі жайлы майдандық газет бірнеше рет жазды.

Ұлы Отан Соғысы жылдары И.А.Скляров бірнеше жауынгерлік жорық жасап, жаудың 5 жойғыш ұшағын, 40 ұшағын, 15 танкін, 18 зеңбірегін, 8 эшелонын, 10 шақты көлік пен жүзге жуық жауынгерлер мен офицерлерді жойып жіберген. Өзінің жауынгерлік  совер-шил несколько сот боевых вылетов, уничтожил 5 истребителей и 40 самолетов всех типов, 15 танков, 18 орудий, 8 эшелонов, десятки автомашин и сотни вражеских солдат и офицеров. И.А.Скляров өзінің жауынгерлік қызметін Порт Артура қаласында аяқтады.