Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Бірге - күштіміз»- Жібек жолындағы сұхбат» : халықаралық жобаның тұсаукесері өтті.

Ертіс орталық аудандық кітапханасының оқырмандар залында«Бірге  - күштіміз»- Жібек жолындағы сұхбат» : халықаралық жобаның тұсаукесері өтті. Оған аудан әкімнің орынбасары Е.М.Рахымжанов,  «Нұр Отан»  партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Ә.А.Ыдырысов, «Ержан» мешітінің имамы  Бахытбек Төлегенұлы,  Александр Невский Храмының қараушысы   Алексий әке, Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы А.Д.Ыдырысов, АМҮ этномәдени бірлестіктерінің басшысы Т.С.Воронич, Ертіс ауылы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері және оқушылары қатысты. Шараны жүргізуші Ертіс орталық кітапханасының директоры Т.В.Дымова , Жібек жолын қалпына келтіру идеясын құру біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі екенін алға тартты. Осыдан  10 жыл бұрын экономикалық көлік, бастамасы әуелі Қытай, сонан кейін Үндістанмен іске асырылды. Культуролог,  қоғам қайраткері Мұрат Мухтарұлы Әуезов оны "Жібек жолындағы сұхбат" форматында кездесу өткізуді ұсынды. Ә.А.Ыдырысов  «Нұр Отан»  партиясының  бастамасымен Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарда жоба бастау алғанын айтты. Т.С.Воронич культурологиялық жобаның маңыздылығын және міндетін айта келе "Ұлы Жібек жолы" слайдын көруге ұсынды. "Ұлы Жібек жолы" -«Бірге  - күштіміз» кітап көрмесін қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы С.И.Женченко шолу жасады. Оның Шығыс пен Батыс , Орта Азия мен Қазақстан жазушылары өкілдерінің жібек жолы туралы кітаптарын ұсынды. Дін қызметкерлері жобаның экономикалық- сауда байланысы мен бірге діни мәселесін де атап өтті. Саяхатшылар әлем бойынша діндер мен конфессиялардың бар екендігін білді. Ә.А.Ыдырысов   нақтылы жобаның тарихи маңыздылығын , құндылығын айта келе конфессияаралық келісімінің маңыздылығын жоғары санады. Шара соңында Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Е.М.Рахымжанов культорологиялық жобаның маңыздылығы жөнінде айтып берді.