Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні

Автор қазақ елінің баға жетпес басты байлығы — Тәуелсіздігімізді публицистикалық туындысына арқау ете отырып, ата-бабаларымыз ғасырлар бойына армандап өткен бостандықтың төтті дөмін татқанын бақытына балайды. Төуелсіздігіміздің арқасында Арқа төсінде өсем қала — Астанамыздың бой көтергенін, оған қарап, еліміздің өңірлеріндегі барша қалалар көш түзегенін тіліне тиек еткен. Бүгінгі таңда төрткүл дүние таңдай қағып тамсанған тама- ша Елордамызды, оның авторы — көреген көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың Еліміздіқ алдындағы көл-көсір еңбегін ерекше шабытпен жырлаған. Үлтымыздың мақтанышына, айбарына айналған бас қаламыздың халқымыздың рухын көтеріп, оның дамудың дақғыл жолына түскенін көркем тілмен кестелеген. Бұрынғы отаршы елдің (Патшалық Ресей, КСРО) ұлтымыз жайлы жер жүзіне жайған: «Қазақ деген халық — мал соңында жүріп, цивилизацияның оң көшінен қалып қойған қараңғы қаңғыбас халық» деген сөзін теріске шығарып, іс жүзінде қазақтардың дана халық екенін дөйекті деректермен дәлелдеп берген. Қазақ деген атаудың қалай қалыптасқанын соқырға таяқ ұстатқандай ұғындырған. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, озық 30 елдің қатарына қосылу — «Мөңгілік Ел» болу жолындағы сабақтастық екенін тебірене толғаған. Толғай отырып, Ұлы Дала елінде алдымызға қойған ұлы мақсаттарға жетудегі көзқарасымызды құбылмалы кесірткедей (хамелеон) құбылтпауға үндейді. Отанға, жерге, мөдениетке, тарихқа деген түсінігіміздің түпкілікті де тиянақты болуына жөне рухани жаңғыруға уағыздайды. Сонымен қатар автор артына, кең-байтақ еліне адалдығымен өшпес өнегелі із қалдырған, қазаңтың асыл перзенті, біртуар азаматы, еңбек ері, мемлекет жөне қоғам қайраткері Е.Н. Әуелбеков жайлы жөне сан қилы өмір өткелдерінен бірге өткен өрелі ел ағаларының өнегелерін сом алтындай сомдаған. Сондай-ақ өмірде кездесіп жататын келеңсіз көріністерді де назарынан тыс қалдырмаған. Жалпы қарымды қаламгердің тілі жатық әрі тартымды. Оның қаламынан шыққан өр публицистикалық туындысы мен өсерлі эсселері оқырманын жалықтырмай алға жетелеп отырады.