Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Ұлағатты ұстаз»

Ертіс аудандық кітапханасында  Кітапханаларды дамыту бөлімі ПМПИ кітапханасымен бірлесіп  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында  «Қазақ ССР халық ағарту  ісінің үздігі», «Ленин”орденінің иегері», «Ертіс ауданының құрметті азаматы» Қабыкен  ӘУТӘЛІПОВТЫҢ “Алтын ұя - мектебім” атты кітабы бойынша “Ұлағатты ұстаз” атты  онлайн конференциясы  өтті. Конференцияның мақсаты болашақ жастарға Отанын өз елін жерін сүйюге, патриоттық сезім ұялату. Отан алдында, білім берген ұстаздардың алдында шәкірттік алғысын сезіну. Қазақ Елі  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлап жанқанда, өз еліне еңбегің сіңірген  48 жылдан астам мұғалімдік қызметте еңбек етіп, еңбегінің 25 жылын №2 Ертіс қазақ орта мектебін басқарып, бүкіл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз Қабыкен Әутәліпов атын атап кетпеу  Қабыкен атамыздың еліне, шәкірттеріне, яғни бізге  кешірілмес қателік болар еді. Кеңес дәуірінде қазақ мектептерінің көбі жабылып, мүшкіл халде болғанда, мектепті жабылудан сақтап қана қоймай, оқу-тәрбие жұмыстарының дәрежесі аудан мектептерінің көш басында болып, тірек мектебі аталуына Қабыкен Әутәліпов зор үлесін қосқан екен. Қабыкен Әутәліпов мектептің директоры болған жылдары 17 мұғалім Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. «Ұлағатты ұстаз» атты онлайн конференция Ертіс аудандық орталық кітапханасы төрінен ПГПИ аудиториясымен тікелей байланыста болды. Онлайн конференцияны Ертіс аудандық кітапханасы әдейі арнап дайындаған Қабыкен Әутәліповтың өмірі жайлы бейнефильммен ашты.Алғашқы сөз кезегін әкесінің жолын жалғастырып, әкесі істеген мектептің директоры болған Нұрболат Қабыкенұлы алды. Нұрболат Қабыкенұлы ұстаз әкесінің шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі еңбегін артта қалған ұрпаққа қалдырып кеткені жайлы баяндады. 1932 жылдан бастап жазылған қолжазбаларын жиыстырып, бертінгі  жылдардағы мектеп тарихын Ауталиповтар отбасы жиыстырып толықтырып 1932-2013 жылдар аралығындағы № 2 қазақ мектебінің тарихы «Алтын ұя мектебім» атты  кітап қылып жарыққа шығарғандығын айтты. Бұл кітапта №2 Ертіс қазақ орта мектебі ұстаздарының жас ұрпақтарға білім беру мен тәрбиелеудегі қажырлы еңбектері және мектеп түлектерінің ауданымыздың, облысымыздың, еліміздің білім, мәдениет, ауылшаруашылық саласын дамытудағы еңбектері туралы, ҰОС-ы майданында ерлікпен шайқасып, елін қорғаған ұстаздар мен түлектер жайында баяндалады.Кітап ұстаздар мен мектеп түлектеріне, көпшілік оқырманға арналғандығы туралы баяндады. Онлайн конференцияны 1990-1994 жылдар аралығында Қазақ ССР-нің жоғары кеңесінің депутаты болған, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, №2 мектеп түлегі Шабенов Қайыржан Шабеұлы жалғастырды. Қайыржан Шәбеұлы мектепте оқып жүрген балалық шағын еске алды. 1963 жылдар кезінде №2 қазақ мектебінің Ленинградтық тәжірибе өзін-өзі басқару жүйесін енгізген алғашқы мектептердің бірі болғандығын айтты. Педагогикалық еңбек ардагері, №2 мектеп түлегі Бекбатырова Қарлығаш Нұрғалиқызы Қабыкен Әутәліповтың мектеп қаражатынан қаржы бөліп, Алматы қаласының ҚазҚПИ-на оқуға түсіріп, осы өмірде адами қалыптасқанына зор үлесін қосқандығын  тебірене есіне алды.Жазушылар Одағының мүшесі, №2 мектеп түлегі  Жұматов Ғалымбек Сағымбайұлы, педагогикалық еңбек ардагері, ұстаз  Байсүгіров Сәрсенбі Қалижанұлы  да  өз естеліктерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Жастар бастамаларының дамыту орталығы директорының орынбасары, айрықша жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлығының иегері,  2009 жылғы № 2 мектеп түлегі Жүсіпбаев Саят Бейбітұлы жастар атынын сөз сөйлеп Қабыкен Әутәліповты  көрмесе де, қазақ мектебінің түлегі болғандығын, қазақ мектебін  мақтан тұтатындығын, қазақ мектебінің білімінің,  тәрбиесінің  арқасында жетістіктерге жеткендігін алға тартты. Ертіс аудандық кітапхасы аудиториясынан  сөз сөйлеген  аудан әкімінің орынбасары Ержан Мэлсұлы онлайн конференция қатысушыларын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.  Педагогикалық еңбек ардагері, 1970 жылдан ҚӘутәліповтың әріптесі болған Шарипова Гүлжамал Сәбиқызы,  ардагерлер Кеңесінің төрағасы  №2 мектеп түлегі Зейнешов Хамза Зейнішұлы Қабыкен Әутәліпов туралы естеліктерін, мектеп өмірнен сыр шертті. Ертіс аудандық орталық кітапхана директоры Дымова Тамара Владимировна Қабыкен Әутәліповтың кітабының құнды дүние кендігін және қазіргі таңда «Алтын ұя мектебім» кітабы Қазақстан Ұлттық  электрондық  кітапхана (ҚазҰЭК- КазНЭБ) қорына енгендігі туралы мәлімдеді. ПМПИ аудиториясынан қорытынды сөз кезегін алған ПМПИ кітапханасының әдіскері  Дандыбаева Қадиша Григорьевна онлайн конференцияны қорытындалып, бұндай шараның  болашақ ұрпаққа тәрбиесі зор екендігін айтты. Сонымен қатар  ПМПИ аудиториясынан онлайн-конференцияға қазіргі еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, әр жылдардағы мектеп түлектері және ПМПИ студенттері қатысты. Ертіс аудандық кітапхансы аудиториясынан  ұстаздар, мектеп кітапханашылары қатысты.ПМПИ-да «Ұлағатты ұстаз» атты көрме ұйымдастырылып, көрмеге  Қ.Әутәліповтың қолжазбалары, фотосуреттері, марапаттары және аты танымал мектеп түлеклерінің кітаптары қойылды. Олар Ғалымбек Жұматов, Ғалия Балтабай, Ғалым Қаржасов.Екі аудиторияда да онлайн конференцияға қатысқан қонақтарға Ертіс аудандық орталық кітапхана дайындаған «Ұлағатты ұстаз» атты жадынама таратылды.