Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Өлкетану » Ақын-жазушылар » Аманжол Шамкенов

Шамкенов Аманжол

(1927-2004)


Аманжол Шамкенов 1927 жылы 20 шілдеде Павлодар облысы, Ертіс ауданында туған. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң 1950-1954 жылдары «Әдебиет және искусство» (қ. Жұлдыз») журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.

1954-1956 жж. Қазақстан Республикасының Мәдениет министірінің репертуар жөніндегі бас редакторы болды, ал 1956-1961 жж. Қазақ радиокомитетінде бас редактордың қызметін атқарды. 1961-1963 жж. «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі, 1963-1970 жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет, кейіннен «Жазушы» баспасының орынбасары, 1970-1979 жж. Қазақстан Жазушылар одағында сын секциясының меңгерушісі, хаттау бюросының директорлық міндет атқарды. Шығармаларында өмір, уақыт, заман, бейбітшілік, бүгінгі замандас, адам тағдыры туралы толғайды. А.Шамкеновтың тұңғыш жинағы «Студент сыры» деген атпен 1951 жылы шықты. 40 шақты кітабы жарық көрген. «Табамын сені», «Сен жалғыз емессің», «Уәкілдер», «Майор Майданов» атты актілі пьесалары сахнада қойылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. Пушкиннің, Лермонтовтың, Хикметтің, Есениннің, Исаковскийдің, Бажанның, Құлиевтің бірқатар өлеңдерін, Г.Тушканның «Жора» романын, Н.Хикметтің «Әпенде», М.Шатровтың «Большевиктер», В.Розовтың «Өмір жолдары» атты пьесасын қазақ тіліне аударды. Оның аудармасында немістің ұлы ақыны Г.Гейненің лирикасы жеке кітап болып шықты. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.