Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Әріптестерге » Жобалар, бағдарламалар, акциялар, конкурстар

Жобалар, бағдарламалар, акциялар, конкурстар

Акция

Мәңгілік есте сақтайық.

9-мамыр Ұлы Жеңіс күні   жақындай түскен сайын, осы күн бірде-бір адамды бей-жай қалдырмауы керек.                                                          Қазіргі таңда тарихи шындықты жоққа шығарып және  өз ыңғайларына келтіру арқылы билік басына келген батыс елдерінің саясаткерлері, зердесіз ұрпақты тәрбиелегендіктен неофашисттік зұлмат жоғары деңгейге көтерілді. Оның бір жарқын көрінісін өз жерінде фашизмді басынан кешірген көршілес Украина елінен көріп отырмыз. Бұл қорқынышты және жанға батарлық жағдай. Сондықтан Жеңіс күні. Еске алу күні. Бұл  ұрпақтан -ұрпаққа жалғасын табатын дәстүрге айналуы қажет. Осыған байланысты менің ойымша біздің Елбасымыздың жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде «Қазақстан 2050 Стратегиясы» тарихи маңыздылығы зор өзекті бастама. Кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы: «Жастар арасында патриотизмді дамыта отырып, елімізді көркейте аламыз»,-деді. Патриотизм өз-өздігінен туындамайды. Оның тамыры тереңде жатыр, өз елінің тарихын, оны бағалай білу арқылы қоғамның жоғары деңгейдегі құндылығын сіңіріп  жеткізе білу. Патриотизм отбасынан бастау алады. Естеріңізде ме: «Отан неден басталады».атты өлең жолдары. Неліктен бізді осы ұғым толғандырады. Өйткені осы сөздерде үлкен мағына жатыр. Ол ананың ақ сүтімен дарытылады. Отанын сүю әр адамзаттың азаматтық борышы. Содан болар, сонау зұлмат соғыс жылдары біздің ата бабаларымыз Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында Ұлы Жеңіске жетті. Жеңіс күні біздің зердемізді және баршамызды ортақ шаңырақ аясына біріктіреді. Сол себепті аудан тұрғындарына «Есімдері мәңгілік есімізде» атты патриоттық акцияны 2014 жылдың 9 мамырында өткізу жөнінде үндеу тастаймыз. Өткізілетін митингке ҰОС-на  қатысушыларының  туыстары майдангер-жауынгердің фотосуретін үлкейтіп әкелуі қажет. Осы акцияны өткізуге аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі қолдау көрсетіп отыр. Біздің сайтымыз  irt_bibl@mail.ru  және әлеуметтік желіде «В строю поименно, навечно» атты  тобы ашылды, сонымен қатар  «Запиши в строй отца и деда» атты тіркеуге тіркелуіне болады 

Конкурс 

Жеңістің 70 жылдығына арналған Ертіс ОКЖ-нің кітапханашылары арасында өтетін «Соғыс отына шарпылғандар» сайысының ережесі.

1.  Сайыстың мақсаты мен міндеті:

1.  Ата –бабаларымыздың ерлігі үшін мақтаныш және патриоттық сезімін арттыру.

 2. Азаматтық және патриоттық ұстанымды қалыптастыру.

3. Өткен тарихымызды білуге танымдық қызығушылықты дамыту.

4. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сөнбес ерлік, төзімділік, жанқиярлық және де Отанға деген шексіз махаббат сезімін құрметтеуге тәрбиелеу.

5. Кітапханашылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

2. Ұйымдастырушылар, сайыстың өткізілу уақыты мен орны.                                    

3. Сайыстың қатысушылары. Сайысқа Ертіс ОКЖ-нің кітапханашылары қатысады.

4. Сайыстың тақырыбы:                                                                                                

5. Сайыстың өткізілу шарттары:  

6. Сайыс келесі номинациялар бойынша өтеді:                                                             

7. Бағалау критерийлері.                                                                                                   

 

8.Сайысты қорытындылау және марапаттау.

Сайыс 3 жүлделі орынмен қорытындыланады. Сайыстың сынақ нәтижесі бойынша әділ қазылар бір жеңімпазды және екі жүлдегерді анықтайды. Сайыстың басқа қатысушылары грамоталармен марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша Ертіс ОКЖ-нің әдістеме бөліміне хабарласуға болады. Тел: 2-27-64.   

 

Ереже 

БЕКІТЕМІН

                                                                                           «Ертіс орталық аудандық кітапханасы»КММ директоры

                                                                                      ___________Дымова Т. В.

 

 

Ауыл кітапханашыларына

 

«Жыл кітапханашысы-2016» атты аудандық конкурстың

 ЕРЕЖЕСІ

1 Жалпы ереже

 

1.1.Конкурсты Ертіс орталық аудандық кітапхана өткізеді.

1.2.Конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұстастыру.

1.3. Конкурсқа  Ертіс ОКЖ-нің барлық филиалдары мен  бөлімдері қатысады.

1.4. Конкурстың өткізілу мерзімі 2016 жылдың наурызнан қазан айына  дейін өткізіледі.

2. Конкурстың міндеті мен мақсаты.

2.1. Қалың оқырмандар арасында Қазақстан жазушылары мерейтой иелерінің әдебиеттерін және Қазақстан Тәуелсіздігі туралы әдебиеттерді әйгілеу.

2.2. Балалар мен жастар арасында патриоттық тәрбиеге бейімделуіне көмектесу.

2.3. Кітапхана мамандары арасында бастамашыл,талантты, өнерпаздарды анықтау.

2.4. Кітапханалық инновациялық тәжірибені зерделеу және өрістету.

3. Конкурсты ұйымдастыру

3.1. Конкур екі  номинация бойынша  өтеді: «Ең үздік кітапханашы-2016» және «Ең үздік жас кітапханашы-2016»

4. Конкурсқа қатысушылар

4.1. Конкурстың «Ең үздің кітапханашы -2016» номинациясында  еңбек өтілі 5 жылдан кем емес мамандар қатыса алады.

4.2. Конкурстың «Ең үздік жас кітапханашы-2016» номинациясында  еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мамандар қатыса алады.

5. Конкурс тапсырмалары

5.1. «Ең үздік кітапханашы -2016» номинациясында конкурсқа қатысушылар үшін.

5.1.1.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған 3-4 минуттің бейнеролик әзірлеу (wmw форматында).

5.1.2. «Мен және менің кітапханам». «Печа-куча» форматында электронды презентация. Презентация 20 слайдты құрайды. Әр слайд 20 секунд қана көрсетіледі , осы себепті «печа-кучаны» кей-кезде 20х20 презентациясы деп атайды. Жалпы баяндама 6 минут және  40 секунд. Слайдтар автоматты түрде ауысып отырады.

5.2. «Ең үздік жас кітапханашы -2016» номинациясында конкурсқа қатысушылар үшін.

5.2.1. «Жаңа заман- жаңа жұмыс түрі» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының тойлануы аясында жаңа  жұмыс түрінде өткізілген іс-шараның презентациясы.

5.2.2. «Позитивті креатив» қатысушылар өздерінің шығаршылық мүмкіндіктерін көрсетеді (көркем оқу шеберлігі, музыкалық шығармашылығын орындау, би, сахна қойылымы, өз хоббиі туралы айту, өз қолдарымен жасалған  заттарды көрсету және т.б.).

5.3.  Конкурсқа  қатысушылар (намонациясына байланысты) екі топқа бөлінеді:

5.3.1. «Оқы және таңырқа!». 5-10 минуттың ішінде  «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты көрмеден алынған  кітапқа аннотация құрастыру.

5.3.2. «Брейн-ринг». «Тарих білгірлері».

5.4.3. «Блиц-сұрақ – блиц жауап». Әріптестердің сұрақтарына жауап беру. (әр топқа 3 сұрақтан)

6. Конкурстын бағалау өлшемі

- конкурстың идеясына сәйкес келу;

- әдеттес тыс ойлар мен шығармашылық шешімдерді енгізу мен өңдеу;

- безендіру мәдениеті;

-  құзыреттілік, білгірлік, білімдарлық, жоғары дәлежелі  кәсіпқойлық.

7. Конкурс қорытындысын жинақтау

7.1. Конкурс  «Жыл кітапханашысы-2016» қорытынды салтанатты іс-шарасында жарияланады.

7.2. Конкурс жеңімпаздары естелік дипломдар мен сыйлықтармен марпатталады.

7.3. Конкурстың барлық қатысушылары Ертіс ОКЖ-нің алғыс хаттарымен марапатталады.

 

Талдау барысында новации және шығармашылық ізденіс, материалдың толық баяндалуы,мазмұндылығы  және  өзіндік, дербес ойлауы ескеріледі.

Ең үздік жұмыстар кітапхана сайтына енгізіледі.