Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » Ғасырлар тоғысқан жылдар

Ертіс аудандық кітапханасы  Қазақстан-Россия шекаралық ынтымақтастық жұмысы барысында «Шекарадағы кездесу» халықаралық жобасы аясында  Омбы қаласына  сапарын ұйымдастырды. Бұл сапарда Омбы қазағы  Булхаировтар отбасымен кездестік. Мұрат қажы және Алтыншаш  апай ашық-жарқын, өте қонақжай адамдар екен. Бір  ер , төрт қыз бала , 11  немере тәрбиелеп отырған бұл отбасы Омбы елінде тұрып жатса да қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін қатаң ұстанады екен. Балаларының барлығы жоғары білім алған. Екі қызы Алматы қаласында тұрса, қалған екі қызының отбасы Омбы жерінде тұрып жатқан көрінеді. Ұлы мен келіні ата-анасымен жиырма жылдан астам уақыт тату-тәтті тұрып жатыр.  

Мұрат қажының жеке архивінде  көптеген  құнды материалдар бар көрінеді. Кейбір кұнды дүниелерімен кітапхана әдіскері Алия Баязовамен  қуана бөлісті.  Атап айтқанда:  Қабыш Бердалин туралы. Қабыш  елімізге атақты болған аға-сұлтан Қазанғап би Сатыбалдыұлының шөбересі. Қабыш Бердалин алашорда қозғалысына қатысып, жалпықазақтық съезінің екінші депутаты болған.

Қабыш Бердалин 1867 жылы бұрынғы Семей губерниясына қарасты Павлодар уезінің 8 ауылында дүниеге келген. 1934 жылдың  7  қаңтарында тұтқынға алынып, 1934 жылдың  15 наурызында ерекше үштік кезінде  ОГПУ-Бат.-Сіб.өлкесінде 3 жылға сотталады. 1957 жылдың  29 наурызында СибВО әскеритрибуналының  қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. / ақпарат көзі Омбы еске алу кітабынан/.

Мұрат қажының айтуы бойынша   Қабыш Бердалин  Мұрат қажының ұлы атасы Шаймерден Бұлхайыров  екеуі осы атасының үйінен ұсталып сотталып кетеді екен. Және де  Қабыш Бердаллиннің   өлең жолдарын өзіннің  жеке  мұрағатында  сақтаулы екенін айтты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Павлодар облысының  80 жылдың мерейтойы қарсаңында  бұл  құнды және бағалы мәлімет деп есептейміз.

Ал дағы уақытта Ертіс аудандық орталық кітапханасы Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының «Мөлдір»  қазақ мәдениеті Сібір орталығымен  бірлесіп онлайн-кездесуі жоспарланып отыр.