Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » "Ертіс Жаманбалиновты оқиды" акциясы өтті

Ертіс аудандық орталық кітапханада балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, Республикаға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жазушылар Одағының мүшесі, Ертіс ауданының «Құрметті азаматы» М.Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттау, сонымен қатар М.Жаманбалиновтың өлеңдерін жаттау арқылы келер ұрпақтың тіл байлығын дамытып, әдебиетке баулу мақсатында өткізіп отырған "Ертіс Жаманбалиновты оқиды"аудандық акциясының қорытындысы өтті. Акция қатарынан 5 жыл өтіп отыр. Қазіргі таңда акциямыз үлкен жобаға айналды. Аталмыш жобамыздың демеушісі Жаманбалиновтар отбасы әр жыл сайын демеушілік қолдауымен іс-шарамыздың жоғары деңгейде өтуіне атсалысуда. Осы орайда Жаманбалиновтар отбасына кітапхана атынан алғысымызды білдіреміз. 1-ші орынға ие болған –Мадияр Еркеназ /№2 ЖОББМ 2 сынып/- Ертіс ауданының мәдениет ,дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамотасымен марапатталып, 15000 теңгеге ие болды. . 2-ші орынға ие болған – Төлеген Аяулым /№4 ЖОББМ 3 сынып / Ертіс ауданының мәдениет ,дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамотасымен марапатталып, 10000 теңгеге ие болды. .. 3-ші орынға ие болған Серғазы Сымбат /Бірлік мектебі 6 сынып/- Ертіс ауданының мәдениет ,дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамотасымен марапатталып, 5000 теңгеге ие болды. . Және барлық қатысушылар Ертіс ауданының мәдениет ,дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамоталарымен марапатталып, 2000 теңгелік сертификаттарға ие болды.