Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні

Қолдарыңыздағы кітапта Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551) шығармашылығы тарихи-филологиялық, танымдық-философиялық тұрғыда алғаш рет жүйеленіп, әр қырынан зерттеліп пайымдау жасалынады. Дулатидің мемлекет қайраткері, қолбасшы, жазушы, суретші ғұлама ғалым ретіндегі болмысы жан-жақты ашылып қарастырылады. Ұлы ойшылдың, ең алдымен, қазақ тарихының атасы ғана емес, ол сондай-ақ қазақтың тұңғыш мемуарист жазушысы екенін зерделеген тың ойлар, жаңалыққа негізделген тұжырымдар жасалынған. Мұхаммед Хайдар - ғылымның барлық саласын терең меңгерген талантты энциклопедист тұлға. Жазушының қаламынан туған классикалық «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен қырықтан астам ғылым саласына қатысты тұжырымдарын айқын аңғаруға болады. Улы бабамыздың жазушылық қалам-қарымы оқырманды шын мәнінде ғасырлар қойнауына жетелеп, ұшан-теңіз беймәлім деректер мен танымдық-тарихи материалдармен кенелтіп тастайды. Бұл еңбекте ұлы ғұламаның шығармашылығы арнайы тың тақырыптар аясында қарастырылып, оқырмандарды тосын жаңалықты дүниелермен қауыштырады. Кітапта Ұлы тұлғаны ұлықтауға байланысты Ундістан жерінде өткен халықаралық іс-шаралар қамтылған. Дулати шығармасын зерттеушілерге, әдебиетшілер мен мәдениеттанушыларға, тарихшыларға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.