Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Ұлы дала елі»

Ертіс орталық аудандық кітапхана Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедицияға қатысты. Экспедиция құрамына Павлодар облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Сейсембай Жетпісбаев, ҚХА ғылыми-эксперттік топтың төрағасы, Торайғыров атындағы ПМУ-ң профессоры Сауле Мамытова, педагогика ғылымдарының докторы Мейрам Исин, ИНЕУ ҚХА орталығының директоры Сакен Раздықов, ПМУ ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Еңілік Әбеуова,и»Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің өкілдері, Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражай бөлімінің меңгерушісі Рустам Тишпаев кірді. Экспедиция мүшелері Ертіс ауданының Тохта ауылын аралап шықты. Ауылдық Мәдениет Үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Қазақ хандығына -550 жыл» атты кітап көрмесі рәсімделді. Ары қарай экспедиция Тохта ауылынан 25 км. де жатқан Найза атты тарихи жерге аттанды.Тарихи деректер бойынша Абылай хан өз әскерімен бірнеше күнге тоқтап демалған Мұрат байдың тұрағы орналасқан. Экспедиция қатысушылары ауылдық кітапханаға кітаптар сыйлады.