Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Ұлт мақтанышы» ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

«Ұлт мақтанышы»

ғылыми тәжірибелік онлайн конференция

 

29 қазанда Ертіс аудандық орталық кітапханасының оқу залында  «Бір ел- бір кітап» акциясы және Қазақ хандығының  550 жылдығы аясында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бойынша «Ұлт мақтанышы» атты ғаламтор арқылы ғылыми тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференцияға тіл мамандары, тарих пәні мұғалімдері, ауыл кітапханашылары , мектеп кітапханашылары және кітапхана оқырмандары қатысты.

Конференцияны  аудан әкімінің орынбасары  Ержан Мэлсұлы Рахымжанов ашып, І.Есенберлиннің талғамы биік тарихи шығармаларына тоқталды. Сонымен  қатар онлайн байланысы арқылы қатысып отырған  Павлодармемлекеттік педагогикалық институты, филология ғылымдарының докторы,профессор Бекен Сағындықұлын қонақтармен таныстырды.

Бекен Сағындықұлы «Оқудың әлеуметтік және мәдени әспеттісі» атты кең ауқымды тақырыптағы баяндамасын конференция қатысушыларына онлайн жүйесі арқылы жеткізіп, «Көшпенділер» романына да біршама тоқталды.  

Конференцияны арғы қарай  «Ілияс Есенберлиннің ғұмырлық жолы» атты бейнефильм жалғастырды.

 «Ертіс нұры» газетінің тілшісі Ақылбек Қызкенов Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер романындағы қазақ хандығы» баяндамасын тыңдарманға ұсынды. №3 Ертіс орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нұрлан Тасжанов, «Көшпенділер» романының рөлі мен мағынасына терең тоқталды. №4 Ертіс орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Исабекова, жазушының тағы бір қыры -шығармашылығындағы поэзия тақырыбын айтып, І.Есенберлиннгң көпшілікке танылып үлгермеген ақындық сипатын ашып көрсетті.

Ертіс аудандық кітапхананың директоры  Т.В. Дымова, замандастарының Ілияс Есенберлин жайлы естеліктерін оқырман қауымға кеңінен жеткізді. ««Көшпенділер» және Қазақ хандығы» тақырыбында тарихымызды тереңнен толғайтын  кітап көрмесіне әдістеме бөлімінң аға кітапханашысы А.Баязова  шолу жасады. Конференция соңында ауданымыздың ақыны Самат Мәненұлы тақырыптың аясында өз ой-пікірін білдірсе,  Ертіс агротехникалық колледжінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Бақытжамал Байтоғай оқушылар санасын патриоттық сезімде әлдилер осы тақырыптағы конференция мектептерде жалғасып жатса деп, кітапхана .ұжымына ризашылығын білдірді.