Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Басты бет » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Болашаққа ұмтылғандар» дөңгелек үстел

Аудандық кітапханада мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, кітапханашылар Людмила Бабинцева мен Айгүл Кызкенованың ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашаққа ұмтылғандар» атты дөңгелек  үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Қазақстандық патриотизмге және өзіндік азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға баулу, тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын көрсету, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның әр жылдардағы жетістіктерін сараптау,  өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету мен Мәңгілік Ел ұлттық  идеясы аясында  жастар  арасында патриоттық сезімді қалыптастыру. Аталған шараға аудандық «Ержан» мешітінің наиб имамы Қосман қажы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асылбек Құсайынов, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Назира Баязова , №2 қазақ  орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Үміт Досмағамбетова және мектеп оқушылары қатысты. Шараның басталу кезеңінде ата-баба тарихы іздерін кестелеген бейнебаян ұсынылды. Іс-шара барысында алғашқы сөз кезегін алған аудандық «Ержан» мешітінің наиб имамы Қосман қажы жастарды ыңтымақ-бірлікке шақырып, Ел Тәуелсіздігінің мерейлі жасымен құттықтады. Жарыс сөзге қосылған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асылбек Құсайынов бүгінгі қоғамда ана тіліміздің қолдану аясының шеңберін сөз етті. №2 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Үміт Досмағамбетова ата-баба салған іздерге шолу жасап, мектеп оқушылары жерлес ақынымыз Самат Мәненовтың ел Тәуелсіздігіне арналған өлеңдерді мәнеріне салды. Аудандық мәдениет үйінің әдіскері Назира Баязова Тәуелсіз елдің төл құрдасы екенін мақтанышпен жеткізіп, еліміздің даму жолында аянбай еңбек ететіндігін де жасырып қала алмады. Шараның қорытындысында Асылбек Құсайынов дөңгелек үстел басында ойларын ортаға салып, белсенділік танытқан тұлғаларға естелік сыйлықтарын тарту етті.