Дс Сс Ср Бс Жм |
09.00 - 18.30 |
Сн | 9.00 - 17.00 |
Жк | Демалыс |
Айдың соңғы күні – тазалық күні |
Ғасыр жүгін қайыспай көтерген роман-эпопеяның екінші кітабында казак әдебиетіндегі ақтандақтардың бірі — Столыпин реформасынан кейін Қазақстан мсн Ресей арасындағы шиыршық атып, шиеленісе түскен,драмалык, кейде, тіпті, трагедиялық халге жеткен аса күрделі қарым-қатынасты суреттеуден басталған окиға желісі казан төңкерісі, аштық урейлі отыз жетінші жыл окиғаларына үласып, арпалыстар мен айқастар Асылхан, Қаратай, Тұяқө,Гүлайым, Кулагин, Сұлтан сынды кесек кейіпкерлердің тайғақ кешулі тағдырлары аркылы шебер суреттелген. Қазақ прозасында бұрындары байқала қоймаған кеңістіктерде — Мәскеуде, Петерборда, Парижде, Омбыда, Орынборда және Жетісу мен Сарыарқада өтіп жатқан оқиғалар сілеміне қоса орілген махаббат хикаялары, Қазакстандағы жұмысшы табының қалыптасуы кемел ой, кестелі тілмен көмкерілген.