Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Главная » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Көрнекті ақын-Дулат Бабатайұлы» атты оқырман конференциясы өтті.

Мақсаты : Оқырман қауымды дүлдүлі  ақын   Дулат Бабатайұлының өмірбаянымен және шығармашылығымен  таныстыру, адамгершілікке,  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жастардың кітап оқуға  деген қызығушылықтарың арттыру, әдеби тілде сөз  байлығын кеңейту. Іс-шара барысында кітапханашы Кызкенова Айгуль Ермекқызы мен кітапханашы Бабинцева Людмила Иванқызы«Бір ел-бір кітап» акциясының тарихымен және  биылғы жыл Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлға қазақ әдебиетінің  алтын қоры Дулат Бабатайұлының өмірбаяны және  шығармашылығына арналған екенің  айтты. Дулат Бабатайұлына арналған бейне-таспа көрсетілді. Жыл кітабы «Өсиетнама»туралы әңгімеме жүргізілді.Осы шарада ақының шығармашылығымен, дастандары туралы жыр дастаны «Еспенбет» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Кусайнов Асылбек Бапанұлы оқиға желісін кеңейте түсті,

Ел қамын ойлап,кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде ақынның маңызды толғау ұзінділерін санамызға жеткізген  агротехникалық колледж директорының орынбасары, тіл жанашыры Бақытжамал Әдікенқызы мен Ертіс аудандық  «Ертіс нұры»газетінің директорының орынбасары Джарасова Қадиша Алхамбекқызы, және №2 мектеп кітапханашысы Ауталипова Г. осы тақырыпта өз ой-пікірлерін білдірді.Атаулы шарамызда №2 мектеп 10-шы сынып оқушылары  Амантаева Аяулым « Тегімді  сұрасан  айтаиын», Шарипова Диана « Аягөз қайда бар ?», Семенова Диана  « Асқар таудың сәні жоқ» деген ақының өлеңдерін жатқа айтты. Шарамыздың соңында  «Қазақ тарихындағы үлгі тұлға»атты кітап  көрмесінде қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Қатысқан қонаққа  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі сый тарту етті.